диазепам (реланиум, сибазон), клоназепам, фенитоин (дифенин), фенобарбитал (люминал), сонымен қатар ингаляциялық наркозға арналған заттар - динитрогена оксид (азота закись).
Ауырсынуды басатын (аналгетикалық) дәрілер
Ауырсынуды басатын дәрілер әсер ету механизмі бойынша келесі топқа бөлінеді:
I. Наркотикалық аналгетиктер (орталыққа әсер ететін):
1) опиоидты рецепторларының толық агонисттері:
а) табиғи: морфин, омнопон, кодеин
б) синтетикалық: тримеперидин (промедол), просидол, фентанил
2) опиоидты рецепторларының жартылай агонисттер мен агонист-антагонисттері: пентазоцин (фортрал), буторфанол, налбуфин, бупренорфин
наркотикалық аналгетиктердің антагонисттері: налоксон, налтрексон.
II. Наркотикалық емес аналгетиктер: ацетаминофен (парацетамол, колдрекс, панадол), метамизол натрий (анальгин), сонымен қатар құрамында анальгин бар құрастырылған препараттар: баралгин, пенталгин, темпалгин, седалгин-нео, андипал.
III. Опиоидты және опиоидты емес аналгетиктер (аралас әсер ету механизмі): трамадол.
Қабынуға қарсы стероидты емес заттар (ҚҚСЕЗ) әсер ету механизмі және химиялық құрылымы бойынша келесі топқа бөлінеді:
1. Таңдаусыз ЦОГ ингибиторлары (ЦОГ-1 и ЦОГ-2):
а) салицил қышқылының туындылары: ацетилсалицил қышқылы (аспирин), метилсалицилат
б) пирозолидин туындылары: фенилбутазон (бутадион)
в) пропион қышқылының туындылары: ибупрофен (нурофен, долгит), напроксен, кетопрофен
г) индолсірке қышқылының туындылары: индометацин, этодолак
д) фенилсірке қышқылының туындылары: диклофенак натрий (вольтарен, ортофен), ацеклофенак (аэртал),
е) антранил қышқылының туындылары: нифлум қышқылы (доналгин)
ж) оксикамдар: пироксикам.
2. Таңдаулы ЦОГ-2 ингибиторлары:
а) оксикамдар: мелоксикам (мовалис), лорноксикам (ксефокам)
б) сульфонамидтер: целекоксиб, нимесулид (найз, нимесил)
Достарыңызбен бөлісу: |