Алдын-ала дайындық. Судың кермектігін анықтау үшін титрлеуге қажетті көлемі 250 мл колба, сыйымдылығы 50 мл цилиндр, 25 мл бюретка, 50 мл пипетка, қара-эрихром-Т-ның КСІ-мен қоспасы 1:1000 индикатор болуы керек.
Титрлеу. Титрлейтін стаканға талданатын зат салып және үстіне цилиндрмен өлшеп су 5-10 мл аммиакты буферлік қоспа және қалақ ұшымен қара-эрихром-Т индикаторын қосады. Қоспаны араластырып, алдын-ала нольге дейін толтырған бюреткадағы трилон-Б (Сэ=0,05 моль/л) стандартты ерітіндісімен тамшылатып, үздіксіз араластыра отырып түсі шие-қызылдан көк түске ауысқанша титрлейді. Титрлеуге жұмсалған трилон-Б көлемінің журналға жазып алады. Бұл жуықтап титрлеу нәтижелері. Осы сияқты үш рет дәлдеп титрлеу жүргізіп, журналға жазады. Жұмсалған трилон-Б көлемін орташа мәнін тауып (титрлеуге жұмсалған көлем ауытқуы 0,2 мл артпауы керек), судың жалпы кермектігін есептейді: