Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Физика 8-сынып



бет5/7
Дата25.09.2019
өлшемі378,28 Kb.
#48852
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
8 сынып БЖБ физика

Жалпы балл: 8


Бағалау критерийлері

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Үйкеліс арқылы денені

электрлендіру құбылысын сипаттайды



1

Үйкеліс арқылы дене қалай электрленетінін анықтайды;

1

Кулон заңын есептер шығаруда қолданады

2

Кулон заңын жазады;

1

Зарядтардың әсерлесу күшін есептейді;

1

Электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын анықтайды

3

Зарядтардың электр өрістерінің күш сызықтырын суретке салып көрсетеді;

1

С нүктесіндегі электр өрісінің кернеулігін анықтайды;

1

Конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттайды

4

Конденсаторды қолдану аймағына екі мысал келтіреді;

1

Конденсаторларды жалғау тәсіліне сәйкес 1 сурет бойынша жалпы сыйымдылықты анықтайтын

формуласын жазады;



1

Конденсаторларды жалғау тәсіліне сәйкес 2 сурет бойынша жалпы

сыйымдылықты анықтайтын формуласын жазады.



1

Жалпы балл

8

«Электростатика негіздері» бөлімі бойынша

жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

төмен

орташа

жоғары

Үйкеліс арқылы денені электрлендіру құбылысын сипаттайды

Электрондардың бір денеден екінші денеге ауысуы арқылы денелер зарядталатынын сипаттау қиындық тудырады.

Электрондардың бір денеден екінші денеге ауысуы арқылы денелер зарядталатынын түсіндіргенде қателерге жол береді.

Электрондардың бір денеден екінші денеге ауысуы арқылы денелер зарядталатынын түсіндіре алады.

Кулон заңын есептер шығаруда қолданады

Кулон заңын біледі, бірақ есептер шығарғанда қолдану қиындық тудырады.

Кулон заңын біледі, есептер шығарғанда қолданады, бірақ есептеулерде қате жібереді.

Кулон заңын біледі, есептер шығарғанда қолданады.

Электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын анықтайды

Кернеуліктің векторлық шама екенін ескермей, қателіктерге жол береді.

Кернеуліктің векторлық шама екенін біледі.

Есептеулерде кішігірім қателерге жол береді.



Кернеуліктің векторлық шама екенін біледі. Есептеулерде қателер жібермейді.

Конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттайды

Конденсаторлардың құрылысын біледі бірақ қолданылуын сипаттау қиындық тудырады.

Конденсаторларды жалғау тәсілдеріне қатысты есептеулерде кішігірім қателер жіберді.

Конденсаторлардың құрылысын біледі және қолданылуын сипаттайды.
    1. ТОҚСАН

БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ




«Тұрақты электр тогы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаттары

8.4.2.2 - электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану

8.4.2.11 - өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу

8.4.2.13 - Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану


Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолданады

  • Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізеді

  • Токтың энергетикалық параметрлерін табу үшін тұрақты ток заңдарын есептер шығаруда қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

25 минут




Тапсырма

1. Суретте оқушы екі шамды да ток көзіне қосу үшін қандай кілттерді пайдаланады?

  1. 1 және 2

  2. 1, 2 және 3

  3. 1 және 3

  4. 2 және 3

[1]


2. 60 Вт, 240 В белгісі бар төрт шам номинал режимде жұмыс жасау үшін қай сұлба бойынша жалғау тиімдірек?

[2]


3. 1 суретте электр тізбегі көрсетілген.


1 сурет
а) Электр тізбегі ток көзіне қосылғанда шам жанады, бірақ амперметр бағдаршасы кейін қарай ауытқиды. Амперметр дұрыс жұмыс жасау үшін тізбекке қандай өзгеріс жасау қажет?

[1]


b) Амперметр қандай шаманы өлшейді?
с) Шамдағы потенциалдар айырымы 6 В болса, шамнан өтетін ток күшін есептеңіз.
d) Шам тізбекте 30 мин қосылып тұрса қанша энергия бөлінеді?
[1]
[2]
[2]





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет