Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
«Қағаз бетінде бағдарлау.(жоғары-төмен, ортасы, оң жақта, сол жақта)
Мақсаты: Қағас бетінде бағдарлау .(жоғары-төмен, ортасы, оң жақта, сол жақта)Балаларды кеңістік қарым-қатынастарды орнатуға үйрету: жоғары-төмен, оң жақ, сол жақ, ортасында ,арасында . Есте сақтау, сөйлеу,назар дағдыларын дамыту.
Құрастыру
«Бәйтерек»
Мақсаты:Дәнді дақылдарды пайдаланып, «Бәйтеректі» безендіру, дақылдармен жұмыс жасай білуге дағдыланедыру, ұқыпты жұмыс жасауға және еңбек нәтижесіне жете білуге үйрнту, өзінің туып өскен қаласын,елін-жерін, Отанын сүйе білуге тәрбиелеу.
Жаратылыстану.
«Өсімдіктерді қалай күту қажет?»
Мақсаты: Балалардың өсімдікті күту, оларды өсіру тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту. Танымдық-ізденімпаздық қызметке деген қызығушылықтарын дамыту. Өзімен, құрбы-құрдастарымен достыққарым-қатынаста болуға, бірлесіп атқарған оң қабылдауға тәрбиелеу.
|
Сурет салу
Қоржынды сәндейміз
Мақсаты: Қазақтың үй бұйымы – қоржынмен таныстыру, қоржын туралы білімдерін одан әрі жетілдіру, қоржынды, безендіре білуді үйрету, эстетикалық талғамдарын дамыту; тиянақтылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Мүсіндеу
«Түйе жайылып жүр»
Мақсаты: Әдемі түйенің мүсінін ермексаздан жасай білу әдіс-тәсілдерін үйрету. Есу, шымшып созу, домалақтау әдістерін меңгеру ептіліктерін, түстерді дәл таңдай білу арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Аппликация
«Алдар көсенің шапаны»
Мақсаты: Балаларды ертегіні тыңдай білуге, баяндауға дағдыландыру; қағазды әртүрлі тәсілдермен бүктеуге, умаждауға үйрету; саусақ бұлшық еттерін жетілдіру. Балалардың шығармаш/қ қиялын, ойлау қабілетін дамыту. Ертегілердің жағымды кейіпкерлерін үлгі алуға тәрбиелеу.
|