Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Өтілетін күні: Білім беру саласы



бет19/34
Дата20.12.2021
өлшемі166,06 Kb.
#103812
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34
Байланысты:
ертегі қмж

Рефлексивті

түзету

Балалар, бүгінгі ертегі сендерге несімен ұнады?

Ертегінен не ұқтыңдар?

Жарайсыңдар ,балалар!

Балаларды марапаттау, бағалау.



Балалар жауап берді.


Күтілетін нәтиже:

Білді: Еңбексүйгіштікті білді

Игерді: Өз ойларында ертегі айтуды игерді.

Меңгерді: Үлкендісыйлау керектігін, еңбектене білу керектігін меңгерді.
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Өтілетін күні:30.11.2016 ж.

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Сүйікті ертегілер

Тақырыбы:«Төрт мезгіл»

Мақсаты: Балалардың жыл мезгілі туралы білімдерін жетілдіру. Ертегі кейіпкерлерінің образдарына кіріп, баяндап бере білуге үйрету. Балалардың төрт мезгілдің табиғатына деген сүйіспеншіліктерін ояту.


Қызмет

кезендері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Дәлелдеу-

ояту

Қайырлы күн достым!

Қайырлы күн құрбым!

Жұма күнің бүгін,

Сәттілікке толсын,

Бүгінгі алған бағаң

Кілең бестік болсын!

Балалар шеңберге тұрып өлен жолдарын қайталады.

Ұйым-

дастыру

іздену

ір күні жылдың төрт мезгілі орманда кездесіп қалады. Бір-бірімен амандасып, қал сұрасқаннан кейін олардың әрқайсысы өздерінің ерекшеліктерін айтып мақтанады.

Қыс: -Мен қыспын! Мен ең суық, қаһарлы мезгілмін.

- Қыс: Балалар, мен бүгін бір серігімді жоғалтып алдым.

- Көктем: -Мен де өз серігімді жоғалтып алдым.

- Мұғалім: Балалар, жыл мезгілдеріне өз серіктерін табуға көмектесемізбе?

- Балалар: - Иә, көмектесеміз.

- Мұғалім: -Олай болса, балалар, біз мына кесте арқылы жыл мезгілдеріне өз серіктерін табуға көмек берелік.

«Адасқан жыл серіктері:

(тақтада кесте ілулі тұрады)

Қыс Көктем Жаз Күз

қыркүйек маусым желтоқсан қазан

қаңтар шілде шілде наурыз

ақпан сәуір мамыр қараша

Тапсырма:

Оқушылар адасқан әр ай атын реті бойынша жыл мезгілдерінің астына қойып шығады.

(оқушылардың орындаған жұмысы:)

«Қыс»: - Мен желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында күнді суытып, қар жаудырамын. Өзендерде, көлдерде мұзды қатырамын. Сол кезде қандай мейрамдар болады?

Балалар: - 1-ші қаңтар Жаңа жыл мейрамы, Рождество Христово мейрамы, 16 – желтоқсан Тәуелсіздік күні, Құрбан айт мейрамы, Масленница т.б...

Қыс: - Енді балалар, кім мен туралы жұмбақтар біледі?

Балалар:

1. - Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

2. – Қыста жерді жауып кетті,

Ал көктемде ағып кетті. (Қар)

3. –Қолы жоқ сурет салады,

Аузы жоқ тістеп алады. (Аяз)

«Қыс»: Ал, балалар, қыс туралы кім қандай тақпақ біледі?

Никита: «Қыс»

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас, тірі жанды,

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық.

Басқан ізі сықырлап келіп қалды...

-Қыс: - Өте жақсы! Балалар, менің де сендерге әкелген жұмбағым бар.

1. – Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (Шаңғы)

2. – Суға батпайды, отқа жанбайды. (Мұз)

«Қыс»: -Рахмет, балалар, сау болыңдар!

«Көктем»: -Мен, көктеммін. Мені адамдар асыға күтеді. Балалар, ол не себепті екен, қалай ойласыңдар?

1-оқушы: -Себебі, көктемде күн жылынады, қар ериді, құстар ұшып келеді.

2-оқушы: - Көктемде көп мерекелер болады. 8-наурыз Аналар күні, 22-наурыз Жаңа жыл мейрамы, 1-мамыр Халықтар бірлігі күні, 9-мамыр Жеңіс күні, т.с.с.

3-оқушы: Көктемді бәрі асыға күтеді, көктемде бәйшешек, сирень гүлдері шығады, ағаштар бүршік жарады.

«Көктем»: -Балалар, кім Көктем мезгілі туралы мақалдар біледі?

Балалар: 1.Жердің сәні - егін,

Ердің сәні – білім.

2. Сәуір болмай тәуір болмас.

3. Шанаңды жазда сайла,

Арбаңды қыста сайла.

«Көктем»: Рахмет, балалар! Өте жақсы! Мен сіздерге ризамын!

«Жаз»: - Мен жаймашуақ жазбын. Мен ең ыстық, жайдары мезгілмін. Мен барда адамдар көп еңбек етеді. Таза ауада көп уақытын өткізеді, суға шомылады, балық аулайды. Балалар, айтыңдаршы, сендер қандай халық болжауларын білесіңдер?

Оқушылар:

1. Мысық пешке тығылса – аяз болады.

2. Қой тісін қайраса боран немесе дауыл болады.

3.Көктемде күн көп күркіресе егін, шөп мол болып шығады.

4. Ит аунаса, жаңбыр жақын деген сөз.

«Жаз»: Тамаша! Сау болыңдар!

«Күз»: - Менің атым күз. Мен байлықпын, молшылықпын. Мені халық «алтын күз» дейді. Мен күнді қысқартып, түнді ұзартамын. Менің кезімде жемістер мен көкөністер пісіп жетіледі.

Енді, балалар, мен сіздерге жұмбақ жасырайын.

1.Аспандағы көлеңке жерге суын шашады. (Бұлт)

2. Түнде бармын, күндіз жоқпын. (Жұлдыз)

3. Ағайынды бәрі, шықса көк, түссе сары. (Жапырақ)

Балалар, сендер күз туралы қандай жұмбақтар білесіздер?

1.Көкпеңбек еді көктемде,

Қызады күз жеткенде. (Алма)

3.Жерге қазақ қақтым,

Басына айдар тақтым. (Сәбіз)

4.Іші -жұмсақ, сырты- қатты,

Еті -қызыл, сырты-тәтті. (Қарбыз)

Сендер қандай жұмбақ білесіздер?

Оқушылар:

1.Аласа ғана бойы бар, 2. Тәтті, Тәттінің іші қатты,

Тоғыз қабат тоны бар (Пияз) Қаттының іші тәтті. (Өрік)

«Күз»: Рахмет! Сау болыңыз!

Балалалр енді осыларды қорытындылап ертек құрастырсақ қалай болар екен. Ертегіміздің тақырыбын «Төрт мезгіл» деп алып, ертек құрастырамыз.

Қане балалар, кім ертек құрастырып болса, ертегілерін айта берулеріне болады.



Балалар ертегі тыңдады


Қар
Қар


Аяз

Ертегіні айтып берді.


Шаңғы


Мұз
Сергіту жаттығуларын жасады

Бұлт


Жұлдыз

Жапырақ


Алма
Сәбіз
Қарбыз

Пияз


Өрік



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет