Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет38/80
Дата29.10.2022
өлшемі6,28 Mb.
#155552
түріДиссертация
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ
Lecture theses
 
 
Сурет 4
 

 
Ежелгі Египеттегі алғашқы таңбалар 
Мысалы, ежелгі Египеттегі үңгірге салынған суреттер, елтаңбалар, 
желпуіш тілі, иероглифтер, т.б. Бұл тізімді шексіздікке дейін жалғастыруға 
болатыны белгілі.
Аристотель өзінің ой-пікірлерін көрнекі түрде безендіру үшін белгілер 
жүйесін қолданды. Қазіргі кезде де белгі ерекше өзекті болып саналады. Оның 
себептері ретінде ақпараттың шамадан тыс көп болуы және қазіргі өмірдің 
жылдам қарқыны алынады. ХХ ғасырдағы ең ауқымды жаңалықтардың бірі 
ретінде ауа сияқты адамзат тіршілігінің барлық салаларын қамтитын белгілік-
символдық ортаның ашылуы болды.
«Белгі» метапәні – бұл құрылымдалу әлеміне қосылған ұпайлар. 
Толыққанды әрі түсінікті болу үшін «құрылымдық» сөзінің синонимдерін 
атаймыз: ұйымдастырушылық, белгілі ұйымдастырушылық құрылымның 
болуы, жүйелілік белгісі және оның бөліктерін құрайтын өзара байланыстар. 
Алайда қандай тұжырым болса да, оның негізінде екі құрамдас алынуы керек. 
Яғни мұғалім аталған пәндік саланы анықтайтын жалпы заңдарды айқындау 
мақсатында ақпаратты сызбалау және есептеу, кодтау және декодтау, шифрлау 
және шифрын ашу, белгілер мен символдарды қолдану және оларды түсіну, 
модельді модельдеу және қайта түрлендіру біліктерін қалыптастыру үшін 
жағдай жасайды. 
Инновациялық идеялардың пайда болуымен байланысты жаңа терминдер 
пайда болды.
Сызбалау – бұл білімді көрсетудің визуалды формаларын оңтайландыру 
әдістерін, көру арқылы қабылдау тәсілін өзгерту және көру анализаторы 
жұмысының баяу режимінен жылдам режимге өту есебінен ғалымдардың, 
мамандар мен оқушылардың ақыл-ой еңбегінің өнімділігін арттыру 
мақсатында, күрделі ғылыми және оқу мәтіндерін графикалық мәтіндерге қайта 
құру әдістерін зерттейтін жаңа ғылыми бағыт.
Сызбалау – мәтіндік материалдың маңызды бөлшектерін алып тастау, 
оның көрнекілігін және қолжетімділігін арттыру есебінен күрделі мәтіндерді 
зерттеу бойынша жұмысты жеңілдетуге мүмкіндік беретін арнайы 
құрастырылған сызбалық және когнитивті-эргономикалық әдістер негізінде 


66 
мәтіндік материалдың аса маңызды элементтерін анықтау және оларды 
графикалық сызба формасына қайта құру үдерісі. 
Сызбалаушы – мәтіндік материалдарды сызбалауды жүзеге асыратын 
маман, оның нәтижесі ретінде сызба курсы алынады. Мұғалім бүгінгі күні 
үлкен ауқымды мәтінмен жұмыс жасайтын оқушы секілді сызбалаушы да 
болуы керек.
Сызба курсы 

мәтіндік материалдардың негізгі мазмұнын дәл және 
көрнекі түрде көрсететін мәтіндік материалдарды сызбалау нәтижесінде 
алынған графикалық сызбалардың альбомы болып табылатын жаңа типтегі оқу 
құралы. 
Белгілік-символдық әрекеттерді орындау қабілеті адаммен бірге 
туылмайтынын және оның табиғи түрде пайда болмайтынын түсіну керек. 
«Белгі» метапәнінің аясында оқушылардың сызбалау қабілеті қалыптасады. 
Оқушылар сызбалардың көмегі арқылы нені түсінгенін, нені айтқысы келетінін, 
ойлануға немесе қайта ойлауға тырысатынын, нені орындағысы келетінін 
көрсетуді үйренеді. Алайда белгілі нысанның сызбасын жасау оңай емес. Сол 
себепті әр оқушы сызбалау технологиясын тәжірибеде меңгеруі тиіс. 
Кез-келген графикалық бейне немесе сурет сызба болып саналмайды. Бұл 
жұмыс әрі қарай оқушыларға дәстүрлі оқу пәндерінің аясында жаттаған 
графикалық бейнелерді саналы түрде қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, 
Қазақ тілі сабақтарында сөз құрамы, сөйлем және сөйлем мүшелерінің; 
математикада түрлі геометриялық фигуралардың сызбалары; дүниетану 
сабақтарында деректері бар әртүрлі кестелер қолданылып, «Белгі» метапәні 
жүзеге асырылады (сурет 5).
Сурет 5 

Дәстүрлі оқу пәндері аясында «Белгі» метапәнін жүзеге асыру үлгісі 
Аталған әртүрлі графикалық бейнелер арқылы оқушылар бейнеде 
көрсетілген мазмұнды ойша көруді үйренеді. Сондықтан оқу материалының 
ауқымды көлемін есте сақтау проблемасы жоғалады.
• сөз құрамы, сөйлем
және сөйлем 
мүшелерінің 
сызбасы 
Қазақ тілі
• фигуралардың 
сызбалары
Математика 
• деректері бар 
әртүрлі кестелер
Дүниетану


67 
Бастауыш сыныпта оқушылардың абстарктілі/ дерексіз ойлауын дамыту 
қажет екені белгілі. 
Абстрактілі ойлау
– бұл ұсақ бөлшектерден 
дерексіздендіруге және жағдайға біртұтас қарауға мүмкіндік беретін ойлаудың 
бір типі. Абстрактілі ойлаудың бір мысалы ретінде «Томирис» фильмінің 
айқын үзінділерінің бірін еске түсіруге болады. Онда Томирис патшайым 
сарбаздарына ұрыс тактикасын түсіндіреді және қолда бар құралдардың 
көмегімен Кир патшаның сарбаздарын жеңудің нақты тактикасын көрсетеді. 
Егер қолбасшы шайқасты ойластырып, содан кейін қарсыласын осы жоспар 
бойынша жеңсе, онда бұл 
абстрактілі деңгейде табылған шешімнің физикалық 
жоспарға табысты ауысуы
болып саналады. 
«Белгі» метапәні аясында балаларды белгілер мен символдарды сызбалау, 
түсіну, құру және қолдану бойынша оқыту мақсаты жүзеге асады. Сонымен 
қатар сызбалау технологиясы оқушыларға суретте тіркелген мағынаны 
сызбалардың көмегімен мазмұнын ойша қалыптастыруға мүмкіндік береді 
[166].
Осылайша «Белгі» метапәнімен жұмыс істеудегі нәтижелер айқын болады. 
Ол нәтижелерді төмендегі 6-суретте ұсынып отырмыз. 
Сурет 6 - «Белгі» метапәнімен жұмыс істеуде қол жеткізетін нәтижелер 
Осы тұста француз философы Мишель де Монтеньнің келесі сөздерін 
келтіруге болады: 
«Жақсы толтырылған мидан, жақсы құрылған ми құнды 
болады».
Сызба сызу үшін әзірленген материал болуы қажет. Ал ол материал 
сызылған сызбада көрініс табады. Яғни ол материалдың біздің санамызда қалай 
орныққандығын көрсетеді [169].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет