$$$002-003-000$3.2.3 3-ДӘРІС
Халық ауыз әдебиеті үлгілері - бала тәрбиесінің құралы
&&&
$$$002-003-001$3.2.3.1 Мақал - мәтелдер.Жұмбақтар.Жаңылтпаштар.
&&&
$$$002-003-002$3.2.3.2 Өтірік өлеңдер. Балалар айтысы
1. Мақал-мәтелдер. Қазақ мақал-мәтелдері - ерте дәуірден қалыптасып, ауызекі сөйлеу тілімізде дамып келе жатқан жанр. Мақал мен мәтел - халықтың еңбек және әлеуметтік өмір тәжірбиесінен алынған білімнің жиынтығы. Мақалдар аз сөзге көп мағына сіңірген, тәрбиелік жағынан өсиет, ереже, этикалық, моральдық нормалар іспеттес. Көне дәуір ескерткіштеріндегі Қорқыт мұраларынан, М.Қашғаридің «Дивани лұғата-ат түрік», «Кодекс Куманикусте» қазіргі қазақ мақалдары жиі ұшырасады. Қазақ мақал-мәтелдері ХІХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап, баспа жүзінде жарық көре бастаған. Бұл істе орыс ғалымдары: В.В.Радлов, М.Терентьев, А.В.Васильев, Н.Н.Пантусов, В.Катаринский, Ә.Диваев, М.Ж.Көпеев т.б. елеулі жұмыстар жүргізді. Қазақтың мақал-мәтелдері бұдан кейін 1935,1951,1957 жылдары бірнеше рет жинақ болып жарық көрді.
Достарыңызбен бөлісу: |