Қылбас құрт
Әдебиет:
Негізгі
1. Биология.Под ред. В.Н.Ярыгина. Кн.1,2.М., Высшая школа, 2004,
320с.
2. Биология. А.П.Пехов. Учебник для ВУЗов. – М.:ГЭОТАР-
Медиа,2012.-656с.
3. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для
студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.
4. Медицинская биология и генетика/ Под.ред. Куандыкова Е.У.,
Алматы, 2004
5. Паразитарные болезни. Найт Р. Пер.с англ.-М.:Медицина,-1985,-
416с.,ил.
6. Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник /В.И.Покровский и др.-2-е изд. – М.:ГЭОТАР-Медиа,2004 – 816с.:ил.
7. Тропические болезни:Учебник/ Под ред.Е.П.Шуваловой. –
М.:Медицина,1996. – 544с.ил.
Қосымша
1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных, «Высшая школа», М.,1981
г., 315с.
2. Догель В.А. Курс общей паразитологии. «Учпедгиз» , М.,1941 г.
3. Атлас по зоопаразитологии. : Чебышев Н.В., Далин М.В., Гусев
В.К. и др. –М.: Интерхим, 1997. 161с.
4. Инфекционные и паразитарные болезни (в 3-х томах). Возианова
Ж.И., М.:Изд.«Здоровье»,2002,2500с.
5. Иксодовые клещи - паразиты и переносчики инфекций. Балашов
Ю.С.,Изд. «Наука», 1998,330с.
6. Членистоногие, опасные для жизни и здоровья человека. Изд.
КазНУ, 2004, 197с.
7. Экологическая паразитология. Кеннеди К.,Изд. «Мир», 1978,
233с.
8. Учебник паразитологии с энтомологией. Осиповский А.И.
Изд. «Мед. Литература», 1959, 222с.
9. Руководство по паразитологии человека. Павловский Е.Н.
Изд. «АН СССР», 1949, 1022с.
6. Қорытынды сұрақтары: (кері байланысы)
1. Адам аскаридасының биологиясының, тіршілік циклының ерекшелігі неде?
2. Үшкір құрттың алдын алу ерекшеліктері неде?
3. Аутреинвазия және реинвазия дегеніміз не?
4. Трихинелланың патогендік әрекеті немен байланысты?
5. Влагославты диагностикалау немен байланысты?
№4
1. Тақырыбы: Буынаяқтылар типі паразиттік өкілдерінің эпидемиологиялық маңызы. Биологиясы, патогенді әсері, диагностикасы және өрмекшітәрізділер класы, кенелер отряды, бунақденелілер класы паразиттік өкілдерінің алдын алу.
2. Мақсаты: кенелер отрядының паразитті өкілдерінің биологиясы мен эпидемиологиялық рөлінің теориялық негіздерін оқып үйрену.
3. Дәріс тезистері: Өрмекшітәрізділер – омыртқасыз буынаяқтылар арахнидалар класы. Өрмекшітәрізділер аңыздық фигура – Арахнаның құрметіне аталған. Олар әдетте құрғақ жерде тіршілік ететін артроподтар, өрмекшілер, сарышаяндар, пішендіктер және кенелер қосқанда шамамен 65 000 – 73 000 түрлері бар. Өрмекшітәрізділерді бунақденелілерден оңай ажыратуға болады, өрмекшітәрізділерде сегіз аяқ ал бунақденелілерде алты аяқ болады. Хелицерлер тамақ бөліктерін жұмсартуға қатысады. Ауыздан кейін алғашқы жұп аяқтары – педипальталар орналасқан (аяққа ұқсас ауыз мүшелері), ол кейбір түрлерінде тамақ табу мен репродуктивтік қызмет атқарады. Кенелердің дернәсілдерінде тек алты аяқ болады, төртінші жұп аяқтары олар нимфаға айналғанда түзіледі. Сонымен қоса өрмекшітәрізділерді басқалардан мұртшалары мен қанаттарының болмауы да ерекшелендіреді. Олардың денесі қоссегментті, баскөкірек және құрсақ: баскөкірек цефаллон (бас) және көкірек жасушаларының бірігуі нәтижесінде пайда болған. Кенелер ( Acarina) – 2-3 отряд немесе отряд үстінен тұратын өрмекшітәрізділер таксоны: Акаритәрізділер, Паразиттәрізділер және Опилоакаритәрізділер. Кенеледің көпшілігі кіші өлшемді (шамамен 0.080-1.00 мм), бірақ ол кенелер арасындағы гиганттары (кейбір иксодалық кенелер мен қызыл барқыт кенелер) 10-20 мм ұзындыққа жетуі мүмкін.
Кенелерде біріншілік сегменттелудің өте әлсіз іздері қалған. Құрсағы мен денесі хелицера мен педипальтаны дененің басқа бөліктерінен ажырататын иілгіш кутикула арқылы байланысқан. Дененің алдыңғы бөлігі бас деп аталады. Дененің қалған бөлігі идиосома деп аталады және ол кенелерде бірқалыпты. Көптеген ересек кенелерде төрт жұп аятары болады, бірақ кейбіреулерінде кішірек болады. Мысалы, өт кенесі немесе Phyllocoptes variabilis (Eriophyioideaтұқымдас үсті) құрттәрізді екі жұп аяқты денеге ие; олардың кейбір паразиттік ересек дарабастарында тек бір немесе үш жұп аяқтары болады. Дернәсілдік кезеңдерде көп дегенде үш жұп аяқтары болады; үш жұп аяғы бар ересек кенелерді larviform (дернәсілдік пішінге ие) деп атауға болады. Кенелердің онтогенезі жұмыртқадан, дернсілалды (жиі болмайтын) кезеңінен, дернәсілдік (тек екі жұп аяғы болатын Eriophyoidea бунақденелілерінен басқа) кезеңнен және нимфалық кезеңнен тұрады. Кенелер табиғи ортаның әрбірінде құрлықта да суда да тіршілік етеді. Олар басқа артроподтарға қарағанда көптігімен еркшеленеді. Көпшілігі омыртқалы және омыртқасыз жануарларда паразитті тіршілік етеді. Көптеген паразиттік түрлері – сыртқы паразиттер, сонымен қатар еркін тіршілік етушілері жыртқыш болып келеді. Басқалары - detritivores, орман жабындыларын бүлдіреді және өлі органикалық заттарды жейді, мысалы тері жасушасы. Кейбіреулері өсімдіктермен қоректенеді және өскіндерге зиян келтіруі мүмкін. Кейбір паразиттік түрлер адамдарға және де сүтқоректілерге еніп, олардың аппетитін бұзып, бөртпе сүзегі және риккетсиозды сифиллис ауруын тудыратын тасымалдаушылар болады. Кенелердің адам үшін қауіптілігі белгілі жайт, олар респираторлық ауруларының және астма ауруының қоздырғыштары болып табылады. Сонымен қоса үй жануарларында тіршілік ететін кенелер де қауіпті болып табылады. Олардың кейбіреулері адамға да енеді. Бұл барлық Европа, Қырым және Кавказда тіршілік ететін ит кенесі және Оңтүстік тайга мен Евразия бойынша тіршілік ететін тайга кенесі. Ол көптеген омыртқалылар мен адамға қанға тою шін енеді. Кенелер өсімдіктер арасынан да өз құрбандарын тапқан. Ит кенесі қан сору барысында адамды кенелік бөртпе сүзегі және басқа да қауіпті аурулармен, кене энцефалитімен зарарландырады, бұл жүйке жүйесінің ауыр ауруы. Тайга кенесі кене энцефалиті қоздырығышының негізгі тасымалдаушысы болып табылады. Табиғатта бұл аурудың қоздырғышы түрлі жабайы тұяқты жануарлардың денесінде тіршілік етеді әрі олар үшін қауіпті болмайды. Ол бір жануардан келесі жануарға олардың қанын соратын кенелер арқылы жұғады. Сонымен, табиғатта энцефалиттің адам қатысынсыз да ошақтары бар екендігі белгілі. Ол адамдар үшін де қауіпті. Ауру қоздырғышымен залалданған кене адамға шабуылдағанда ол ауырады.
4. Иллюстрациялы материалдар:
Иксода кенесі Ауыл кенесі
Достарыңызбен бөлісу: |