Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет67/77
Дата11.05.2020
өлшемі1,75 Mb.
#67054
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   77
Байланысты:
umkd (1)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

К.Роджерс,  Э.Берн)  психолого  –  педагогикалық  ғылым  мен  тәжірибесін  жинақтаған 

жаңашыл – педагогтардың бір тобымен берілді. 

   Ынтымақтастық  педагогикасының  біртұтас  технология  ретінде  нақты  құрылымы, 

нормативтік  –  орындаушылық  нұсқаулығы  жоқ.  Ол  жүздеген  мақалалар  мен  кітаптарда 

«шашыраңқы»  берілген.  Ынтымақтастық  идеясы  қазіргі  заманғы  технологиялардың 

барлығында орын алады. 

Мақсаттық бағдары: 

v  Талап қоюшылық педагогикасынан қарым – қатынас педагогикасына көшу. 

v  Балаға ізгілікті – тұлғалық тұрғысынан келу 

v  Оқыту мен тәрбие бірлігі 

 

Ынтымақтастық тұжырымдамасы 



  Ынтымақтастық  педагогикасы  өзара  түсініспеншілікті  бекітетін  үлкендер  мен 

балалар    арасындағы  бірлескен  қызметі,  бір  –  бірінің  рухани  әлеміне  енуі,  осы  әрекеттің 

барысы мен нәтижесін бірлесіп талдау әрекет идеясы ретінде түсіндіріледі. 

       Қарым  –  қатынас  жүйесі  ретінде  ынтымақтастық  көпаспектілі:  бірақ  маңызды 

орын  «мұғалым  –  оқушы»  қатынасына  беріледі.  Дәстүрлі  оқыту  мен  тәрбиеде  мұғалім  мен 

оқушының  қарым  -  қатынасы    «субъект  –  объект»  негізделген.  Ал  ынтымақтастық 

тұжырымдамасында  бұл  жағдай  оқушы  оқу  мен  тәрбие  үрдісінің  субъектісі  болумен 

түсіндіріледі.  Сондықтан  да  бір  үрдістегі  екі  субъект  бірлесіп  әрекет  ету  керек,  біреуіне 

біреуіне үстемдігі болмауы керек. 

Мазмұны мен әдістеме ерекшелігі 

Ынтымақтастық педагогикасы бағыттары: 

v  Балаға ізгілікті – тұлғалық тұрғысынан қарау. 

v  Белседірушілік және дамытушылық дидактикалық кешен. 

v  Тәрбие тұжырымдамасы 

v  Қоршаған ортаны педагогикаландыру 

Ізгіліктік-тұлғалық тұрғысынан 

Балаға ізгілікті – тұлғалық тұрғысынан қарау дегеніміз – мектептің білім беру үрдісі 

тұлға  сапаларының  барлығын  біртұтас  дамытуды  басты  мәселе  деп  қарастыруы.  Даму 

деңгейі  мектептің  білім  беру  нәтижесімен,  мұғалімнің,  тәрбиешінің,  басшылардың,  тәрбие 

мекемесінің  жұмыс сапасының көрсеткіштерімен бағаланады. Оқу – тәрбие үрдісін ізгілікті 

–  тұлғалық  тұрғысынан  ұйымдастыру  –  тұлғаға  бағдарлданған  педагогикалық 

технологиялардың негізі болып табылады. Ол келесі идеяларды біріктіреді: 

-    оқу – тәрбие үрдісін тұлғаға бағыттау; 

-    педагогикалық қарым – қатынасты демократияландыру және ізгілендіру; 

-    қазіргі жағдайда нәтиже бермейтін мәжбүрлеу әдісінен бас тарту; 

-    даралық тұрғысынан келудің жаңа түсіндірмесі; 

-    «Мен – тұжырымдамасын» қалыптастыру. 

Тұлғаға жаңаша көзқараспен қарау ұстанымдары: 

-    тұлға ерте шағында көрінеді, танылады, мектепте бала – толыққанды адами тұлға

-    тұлға педагогикалық үрдіс субъектісі; 

-    тұлға – мақсатқа жету құралы емес, ол – мақсат; 

  әр бала қабілетті, көпшілігі талантты; 

-    тұлғаның басым сапалары болып этикалық құндылықтары саналады (мейірімділігі, 

сүйіспеншілігі, еңбексүйгіштігі, ар – ұяты, азаматтығы т.б.). 

  Педагогикалық  қарым  –  қатынасты  ізгілендіру  және  демократизациялау.  Оқу  – 

тәрбие  үрдісінің  нәтижесін  анықтайтын  маңызды  факторы  тұлғааралық  қарым  –  қатынас 

болып табылады. 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет