КІРІСПЕ
Пәннің мақсаты
|
Дыбыстарды есту, дыбыстың жоғарғы және төмендігін, құрылыстық естілу дәрежесін, музыканы жадына тоқу қабілетін дамыту.
|
Пәннің міндеттері:
|
әртүрлі дәуірдің стиліндегі көп дауысты музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз нота бойынша мүдірмей әндету дағдысын қалыптастыру;
дауыс тану жүйесін қатаң сақтай отырып, туыстас тональдік ішіндегі модуляцияны әндету дағдысын қалыптастыру;
тыңдау арқылы ладтағы гаммалардың жекелеген интервалдарды, аккордтарды , ырғақтық және ладтағы , интервалдық аккордтардың құрылымдарын айыра білуге дағдылану;
ұлттық музыкалық материалдарды пайдалану, қазақтың музыкалық фольклоры мен Қазақстанның кәсіптік композиторларының шығармалары.
|
Күтілетін оқу нәтижелері
|
камертонмен дауыс келтіру тәсілдері, ладтағы мелодиялық құрылымды әндету. Есту арқылы шығармаларды транспозиция және аккомпаниментін жасау.
- нотаны биіктігімен әндетіп оқу.
- гамма, дыбыс қатарын, лад басқыштарын, әуенді дәл интонациялау.
- шығарманың құрылымын, өлшемдік-тақырыптық құрылысын, қорытындысын анықтау, музыкалық мәтінді талдау.
- таза, табиғи дыбыстардың және дикцияның анықтығын, интонациялық жаттығулар орындалу ерекшеліктерін, нота тексін оқу сауаттылығын бағалай білу.
|
Оқыту әдістері мен технологиялары
|
Топтық жұмысмиға шабуыл, кері байланыс, ой қозғау
|
Пәннің пререквизиттері:
|
Музыка теориясы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |