Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Күрделі конфигурациялы пазды жинамалы радиусты калибрлер – жетілдіру



бет66/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   108

8. Күрделі конфигурациялы пазды жинамалы радиусты калибрлер – жетілдіру.

9. Тарақшаларды фрезерлеуге арналған калибрлер, штампылар, кондукторлар, айлабұйымдар – жасау.

10. Ұзындығы 6 м-ден асатын бақылау және жұмыс сызғыштары – жақтарының параллелдігін қатаң сақтай отырып қырып тегістеу.

11. Индикаторлы микрометрлер – толықтай өндеу.

12. Мөлшері 1500х1500 мм-ге дейінгі белгіленетін бақылау құрамалы платалар – қырып тегістеу және құрастыру.

13. Қысымдағы құюға арналған күрделі сығымдағыш қалыптар – белгілеу, жетілдіру, құрастыру және сынау.

14. Бұрыштарды өлшеуге арналған аспаптар – құрастыру, жетілдіру және сынау.

15. Тегіс қысымды плашкалар мен клупптарға арналған бақылау рамкалары мен сухарилер – шыңдап жасау және шыңдағаннан кейін жетілдіру.

16. Сейфтер, жанбайтын шкафтар – бақылау құлыптарын тазалау, майлау және қалпына келтіру, бір бородкалы кілттер жасау.

17. Бақылау бұрыштықтары – жетілдіру.

18. Модульдері 1-ден асатын 1,5-ға дейінгі модульді шаблондар – жетілдіру.

19. Радиусының саны үштен асатын контршаблондар және күрделі шаблондар – толықтай жасау және шыңдағаннан кейін жетілдіру.

20. Күрделі көп тұтқалы құрастырмалы штампылар – күрделі жөндеу, құрастыру, сынау.

21. Екі түзу учаскенің арасындағы бұрышы 170 градус және одан жоғары шаблондар – слесарлық өңдеу және жетілдіру.

§ 84. СЛЕСАРЬ-АСПАПШЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дәлме-дәл және күрделі бірегей сығымдағыш қалыптарды, штампыларды, айлабұйымдарды, аспаптарды, құралдар мен тәжірибелік нөмірленген аппараттарды құрастыру, жетілдіру және мұқият өңдеу. 1-5 квалитеттер бойынша және кедір-бұдырлық параметрі Rа 0,04-0,01 мөлшерді сақтай отырып түрлі проекцияларда жазықтықтарының орналасуымен дәлме-дәл және күрделі даяр үлгілер жасау. Кез келген күрделі бұйымдарды белгілеу және сызу. Оптикалық аспаптарды (бұрышөлшегіштер, оптиметрлер, компакторлар және т.б.) реттеу.

Білуге тиіс: бірегей бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдар мен айлабұйымдардың құрылымы, қызметі және пайдалану ережесі, сондай-ақ 1-5 квалитеттер шегінде оларды жасаудың, өңдеудің, сынаудың, реттеудің және жөндеудің анағұрлым оңтайлы тәсілдері; хромдаумен, электр жалынмен және т.б. өлшегіш аспаптың жұмыс бетін төзімдету тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Нөмірленген тәжірибелік аппараттар – құрастыру және реттеу.

2. Нөмірленген аппараттар (ротациялық үлгідегі) – корпустың ішін және сыртын жасау.

3. Ұзындығы 500 мм-ден асатын ішкі және сыртқы конустарын өлшеуге арналған конусты калибрлеу – шыңдағаннан кейін толықтай жасау және жетілдіру.

4. Ойық қадамын тексеруге арналған даяр үлгілер мен контрлекалалар – шыңдағаннан кейін толықтай жасау және жетілдіру.

5. Көпбұрышты даяр үлгілер және контрлекалалар - шыңдағаннан кейін толықтай жасау және жетілдіру.

6. Бақылау тақтайшалары – үш тақтайша әдісімен қырып тегістеу.

7. Өлшеу ұшы (Иогансон) тегіс параллельді тақтайшалар – шыңдағаннан кейін түпкілікті жетілдіру.

8. Күрделі көп қырлы және 6-7 квалитетті көп орынды сығымдағыш қалыптар – шыңдағаннан кейін толық слесарлық өңдеу.

9. Жабық үлгідегі проймалар – шыңдағаннан кейін толық жасау және жетілдіру.

10. Үлкен сүрені (шеге) штампылауға арналған пуансондар мен матрицалар – жасау.

11. Сейфтер мен жанбайтын шкафтар –түрлі үлгідегі құлыпты отандық өндірілген жанбайтын шкафтармен ішкі жәшіктерді ашу; барлық жүйедегі құлыптарды жөндеу, тазалау, майлау және қайта жаңарту; барлық жүйедегі жанбайтын шкафтар мен сейфтердің ерекше күрделі кілттерін жасай отырып күрделі кескіндегі цугольдалар жиынтығын жасау; жаңа бұралатын тұтқаны оны орнына орналастыра отырып жасау.

12. Түрлі шыңдалған фильерлер – толықтай жасау.

13. 1 модульге дейінгі модульді шаблондар мен контршаблондар – толықтай жасау және жетілдіру.

14. Көп радиустары жанасатын аса күрделі конфигурациялы шаблондар мен контршаблондар – шыңдағаннан кейін толықтай жасау және жетілдіру.

15. Құрастырмалы, күрделі конструкциялы үлкен габаритті штампылар – жасау, күрделі жөндеу, сынау және тапсыру.

16. Зәкірден, электромашина роторы мен статорларынан қаңылтырды кесуге арналған компаунды штампылар – түркілікті слесарлық өңдеу, құрастыру және сынау.

§ 85. СЛЕСАРЬ-АСПАПШЫ

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дәлме-дәл және күрделі бірегей сығымдағыш қалыптарды, штампыларды, айлабұйымдарды, аспаптарды, құралдар мен тәжірибелік нөмірленген аппараттарды бөлшектері мен құрастырмалы бірліктерін өздігінше әмбебап металл кесетін және басқа да станоктарда өңдей отырып құрастыру, жетілдіру және мұқият өңдеу.

Білуге тиіс: күрделі станоктардың құрылымы, қызметі, баптау және дәлдігін тексеру тәсілдері; бақылау-өлшеу аспаптарын, құралдары мен айлабұйымдарды өңдеу, реттеу және жөндеудің анағұрлым оңтайлы тәсілдері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

§ 86. СЛЕСАРЬ-АСПАПШЫ

8-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дәлме-дәл және күрделі бірегей сығымдағыш қалыптарды, штампыларды, айлабұйымдарды, аспаптарды, құралдар мен тәжірибелік нөмірленген аппараттарды бөлшектері өздігінше жасай отырып және өлшеу кешендері жұмыс органдарын баптай отырып әмбебап металл кесетін және басқа да станоктарда, машиналар мен агрегаттарда өңдей отырып құрастыру, жетілдіру және мұқият өңдеу.

Білуге тиіс: бірегей бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдары мен айлабұйымдарының құрылымы, қызметі, пайдалану ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарын, құралдары мен айлабұйымдарды өңдеу, реттеу және жөндеудің анағұрлым оңтайлы тәсілдері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Ескерту: Аталған кәсіптің 7-8 разрядтары өндірісті дайындау цехтарында, тәжірибелік цехтарда жұмыс істегенде ғана беріледі.

§ 87. МЕХАНИКАЛЫҚ ҚҰРАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ СЛЕСАРЫ

2-разряд



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет