179
iv)
Тіректі орнату алдында «еңісті» дайындау қажет, бұл көтеру кезінде тіректің аударылуын
және тірек ұштығының кернеулі сымдармен жанасуын болдырмау үшін керек.
v)
Оның аударылуын болдырмас үшін Т/Б тіректі көтеру үшін лайықты нүктені таңдау керек.
Тіректі жер үстінен 1 м көтергеннен кейін және траверс және басқа жабдықты орнатқан соң,
соққы жүктемесіне сынақты және жүктеме берілетін барлық уческелердің толық тексерісін
жүргізу қажет. Проблемалардың жоқтығына көз жеткізген соң, тіректі көтеруді жалғастыру
қажет.
2)
Тіректің жоғарғы бөлігін, траверс және оқшаулағыштарды қорғайтын жабынымен жабу
туралы тиісті талаптарды сақтау. Желілік перифериялық сымдарды ұстап тұру үшін қарнақтарды
(штанга) орнату. 7.8-суретте көрсетілгендей, үш фазалық тізбектің сымдарын қалқалау үшін
оқшаулайтын төлкелерді пайдалану керек. «Жақыннан алысқа дейін» қағидасын сақтай отырып, үш
фазалық тізбектің сымдарын оқшаулау керек. Т/Б тіректің сымдармен жанасуын болдырмас үшін
ұзындықты өлшеу және есептеу. 7.9-суретте Т/Б тірегін көтеру және үш фазалық тізбектің сымдары
арасындағы өзара байланыс көрсетілген. Өзара байланысты есептеу үшін 7.1 формула келтірілген.
Рұқсат етілген ауытқу 0,4 м. Сөйтіп, көтерілетін бетон тірек пен кернеулі жердегі сымдардың
арасында оқшаулау бойынша екі шара қолданылады, атап айтқанда: Т/Б тіректі оқшаулау және
сымдарды оқшаулау.
(7.1)
Достарыңызбен бөлісу: