Жоспар кіріспе Негізгі бөлім Әдебиетке шолу



бет2/8
Дата07.02.2023
өлшемі0,49 Mb.
#167859
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Гиподерматоз Крс

Негізгі бөлім
Әдебиетке шолу
Гиподерматоз – етті және сүтті өнімділікті төмендетіп, жануарлардың тері қабаттарын, ұлпаларын, өмірлік маңызы бар ағзаларын жаралайды, ағзада паразиттеледі, 6 – 9 ай ішінде ұзақ уақыт бойы тері асты балаңқұрттарымен, бөгелектерімен туындайтын ірі қара малдың созылмалы өтетін қауіпті ауруы. Ірі қара малда паразиттенетін қоздырғыштар: Hypoderma bovis қарапайым тері асты бөгелегі және Hypoderma lineatum оңтүстік тері асты бөгелегі. Ірі қара мал бірден-бір иесі болып табылады. Тері асты бөгелегі солтүстік жарты шардың барлық аумағында кездеседі.
Морфологиясы. Қанатталған бөгелекте 13 – 17 мм ұзындыққа жетеді. Олардың денесі шаштармен қалың жабылған, аналықтарының құрсағының соңында ұзын жұмыртқа салатын болады, ол тыныштық жағыдайда құрсаққа тартылған. Антеннасы үш мүшелі, ауыз аппараты рудиментарлы. Ауыз саңылауы жарғақшамен бүркілген. Кеудесіне ақшыл-түтін түсті қос кең қанаттары мүшеленген. Аяқтары жақсы дамыған, жұпты тырнақтармен және сорғыш жастықшалармен бітеді. Аналықтар жұмыртқа салғыш. Жұмыртқасы сопақша-жұмырлау, сарғыш, ұзындығы 0,8 мм. Жоғарғы полюсында ұрық кіретін кішкене тереңдік болады. Төменгі полюстан жұмыртқа екі қалаққа ажырайды, соның көмегімен жұмыртқа жұмыртқа шаштарға бекиді (сумен және химиялық ерітінділерімен оларды шаштардан кетіре алмайды). Дернәсіл денелері псевдоцефаладан, үш кеуделі және көлденең аумақта орналасқан, қылқандармен қаруланған сегіз құрсақтық сегменттерден тұрады. Артқы сегментте анал саңылауы және жұп демтесік болады. Бірінші сатыдағы дернәсілдер құрт тәрізді, жартылай тұнық, жұмыртқадан шығар кезде 0,6 мм ұзындыққа дейін. Ауыз жұтқыншақ аппаратында жұп ауыздық имегі болады. Дернәсілдер осы сатыда ұзақ уақыт бойы зақымдалған жануарлардың денесіне қоныс аударады. Екінші және үшінші саты дернәсілдері сопақша-жұмыр, ауыздық имектерсіз, иесінің денесіне қоныстанбайды. Бір жыл ішінде тері асты бөгелектері бір генерация береді. Имаго фазасында бөгелектер қоректенбейді және дернәсілдермен жиналған қоректік заттардың қорлары есебінде өмір сүреді. Бөгелектер бірінші жылында жылы көктемдік және жаздық күндердің түсуімен белгіленеді. Аналықтармен ұрықтанған соң 1-2 сағаттан кейін жануарларға жұмыртқа салу үшін шабуылдайды. Бір тармақ аналықтары 800 шамасында, ал өңештік 450-ге дейін жұмыртқа сала алады. Жануарларға қарай ұшқан кезде тармақ аналықтары бір-бір жұмыртқадан (жиі аяқтың төменгі бөліктерінде) шашқа жабысады. Өңештік аналығының тармақтарына қарағанда ерекшелігі, жануарларда тынышсыздық тудырмай, және белгісіз қалып, жайбарақат бір шашқа 2-ден 20-ға дейін жұмыртқа салады. 3-5 тәулік өткең соң жұмыртқадан дернәсіл шығады, олар тері қабатына өтеді және жүйке діңдеріне, қан тамырларына, дәнекер ұлпалық фасцияны бойлаған теріасты клечаткасына күрделі қоныстануын бастайды. Тері арқылы өткеңнен кейін 2-3 айдан соң, тармақ дернәсілдері 3 ай болатын жұлын каналының саңылауында табылады. Өңештік дернәсілдері қоныстану кезеңінде өңеш қабырғасына енеді, олар бұл жерде 4-5 ай бойы паразиттеледі. Дернәсілдердің қоныстануы аяқталған соң белдің теріасты клетчаткасына жетеді, кейін алғашқы түлеуін осы жерде бастайды. Бұл орында инфильтрат түзіледі, ал кейін дәнекер ұлпалық (бұлтық) капсула қалыптасады, оның шыңында механикалық ықпалдың және лизирлейтін заттардың әсерінен қаяу ашылады. Қаяу тесігіне дернәсілдердің артқы демтүтігі қойылған. 25-30 күн өткең соң дернәсілдер екінші түлеуді аяқтайды. Дернәсілдің бел терісіне жақындау және бұлтық қалыптасу үрдісі 3-5 ай ішінде өтеді, бұл бөгелек аналықтарының жұмыртқа салуының бір уақытта болмауына байланысты. Өңеш дернәсілдерін тармақ дернәсілдерімен салыстырғанда, иесінің денесі қоныстануын бір айға ерте аяқтайды. Бұлтықтардағы H. bovis дернәсілдері 55-75 күн, ал H. lineatum 45 – 55 күннен соң табылады. Жетілген тармақ дернәсілдері қара-қоңыр түске ие болады, ұзындығы 28 мм, ені 12 мм. Өңеш дернәсілдерінің ұзындығы 24 мм және ені 9 мм. Ары қарай қаяу түзу арқылы жетілген дернәсілдер жануар денесінен қоршаған ортаға түседі (жерге), олар жерге түскеңнен кейін қолайлы жағыдайларда құрғақ топыраққа жабылады және көбелекке айналады; көбелектену фазасы 20 – 60 күн бойы жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет