Журасова А. Ш. Тарихты оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет12/40
Дата07.02.2022
өлшемі0,9 Mb.
#94635
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Байланысты:
Журасова А.Ш. Тарихты оқыту әдістемесі (1)

с
абағының негізгі бӛлігін 
мҧғалімнің әңгімесі
 
қҧрайды. Егер мҧғалім әңгімесіне басты орын 
берілсе, басқа жҧмыстың бәрі де соған бағындырылады. Тӛменгі 
сынып оқушылары бір нәрсеге зейінін ҧзақ бағыттай 
алмайтындықтан, олардың зейінін бағыттап отыру ҥшін әрекет 
тҥрін ауыстырып отыруға келеді.
Оқыту ҥрдісінде бағдарламаға қатысты білімдерін жҥйелеу 
ҥшін маңызы зор. Мҧндай сабақтарды ӛткізу кезінде 
оқушылардың білім дәрежелерін, оқу материалдарын пайдалана 
білулерін айкындай келе, барлық ӛтілген нәрселерді жҥйелеп, 
6ipiктipe білудің орны бӛлек. 
Аралас сабақта алдыңғы сабақтағы білім мен дағдылардың 
бҥгінгі сабақ мазмҧнымен байланыстарын тексеру және есепке 


46 
алу; жаңа материялды игеруге ӛту; алдыңғы сабақта ӛтілгенді 
қайталап, жаңа сабақты оқып – ҥйренуге және бекіту сияқты 
бӛлімдерді қамтиды. Ҧйымдастыру кезеңінің кейін білім мен 
дағдыларды тексеру жҥзеге асырылады. Бҧл оқушының сабақта 
оқытатын материялды игеру, ҥй тапсырмасын орындау әрекетін 
ҧйымдастыратын мҧғалімнің жҧмысы. Ол ауызша, жазбаша және 
ауызша-жазбаша болады.
 
Білімді тексеру мындай талаптардан тҧрады: 1) сҧрақты 
негіздеу(ӛткен білімдерсіз алға жылжу мҥмкін емес; 2) барлық 
оқушылардың 
жҧмысқа 
жҧмылдыру; 
3) 
оқушылардың 
ерекшеліктерін ескеріп, тексеруді жекелеп жҥргізу; 4) тексеру 
мазмҧнының жаңа сабақпен байланысты; 5) сабақ барысында 
тексеру кезеңін айқындау; 6) білімді бағалауды негіздеу (таным 
дамуының табысты болуы ҥшін не істеу керек. 
Сҧрақ жағдайында кӛп уақыт алатын тәсілдерден бас тарту 
керек. Мысалы, бір оқушыға кӛптеген сҧрақ қойып, әңгімені созу, 
оқушының ҧзақ – сонар әңгімесі, тақтаға ҧзақ, кӛлемді мәтін, 
кесте тҥсіру ӛзін ақтамайды. 
Сабақ басындағы сҧрақ оқушыларды жаңа материалды 
игертуге дайындап, алдыңғы сабақ тақырыбындағы сҧрақтар мен 
тапсырмалардың мазмҧнын қамтуы тиіс. Сҧрақ ешбір мәселенің 
дамуы сияқты тақырыптық сипатта болғаны жӛн. Мҧғалім 
тексеру ҥшін мазмҧны жағынан маңызды, игерілуі жағынан 
кҥрделі материалды таңдайды. Негізгі сҧраққа онымен іштей 
байланыстағы 
қосымша 
сҧрақтарды 
тіркейді. 
Сҧрақтың 
қҧрылымы қарапайым және дәл, балаларға тҥсінікті болуы тиіс. 
Қорытындылау сабақтарында ӛткізуде мҧғалім
 
оқулықпен, 
анықтама әдебиетпен, дидактикалық материалдармен, тарихи, 
ғылыми мәліметтерді пайдалану жҧмыстарын тиянақты, мақсатты 
жҥрпзуге тиіс.
П
ӘН 
бойынша кайталауды жоспарлағанда оқыту 
кезеңінде кӛрсетілген кӛрнекіліктерді, оқытудың техникалық 
қҧралдарын, оқушылардың талап-тілектерін, әріптестерінің 
ҧсыныстарын, сонымен қатар тестілік жҥйені пайдаланған жӛн. 
Сонымен оқыту ҥрдісінде, ӛзіндік жҧмыс істей алу дағдыларын 
қалыптастырған оқушы ӛз бетімен енбектеніп, терең білім алуға 
қабілетті, саналы, жауапкершілігі жоғары адам болып қалыптасады 
Сабақ басындағы сҧрақ оқушыларды жаңа материялды 
игеруге дайындап, алдыңғы сабақ тақырыбындағы сҧрақтар мен 
тапсырмалардың мазмҧнын қамтуы тиіс. Сҧрақ әлдебір мәселенің 


47 
дамуы сияқты тақырыптық сипатта болған жӛн. Мҧғалім тексеру 
ҥшін мазмҧны жағынан маңызды, игерілуі жағынан кҥрделі 
материялды 
таңдайды. 
Негізгі 
сҧраққа 
онымен 
іштей 
байланыстағы қосымша сҧрақтарды тіркейді. Сҧрақтың қҧрлымы 
қарапайым және дәл, балаларға тҥсінікті болуы тиіс.
Тәжірибелі мҧғалім сабағын сыныпта мынадай сҧрақ қоюдан 
бастайды; Қандай тақырыпты ӛттік? Алдыңғы тақырыпта не 
туралы сӛз болды? Материал мазмҧнындағы ең бастысы не? Одан 
әрі мҧғалім басқа сҧрақтарға аусады. Бірақ қай кезде сҧрақ 
қоюдың мақсаты тек қана білімді есепке альп, тҥзету емес, сонымен 
бipгe оны дамыту, байыту және оқушылардьң танымдық 
қабілетін дамыту екендігін естен шығармау керек. Оқушы 
жауабы мен тапсырманы орындауының сапасы мҧғалімнің қоятын 
талабына байланысты. Мысалы, жауапты қысқа, толық, қисынды 
етіп беру; жазуды дәптерге ҧқыпты, грамматикалық

қателерсіз 
тҥcipy; әңгімелеуді оқулықтағы кҧжаттарға, иллюстрацияларға 
сҥйеніп баяндау. 
Сҧрақ кезінде оқушылар сыныптастарының жауаптарына пікір 
айтады.
Жаңа материалды оқуға ӛту кезеңі дидактикалык, турғыдан 
алғанда ӛте маңызды. Мҧғалім жаңаны оқуға оқушылардың зейінін 
аударады, белгісізді тануға деген қажетті психологиялық кӛңіл кҥй 
қалыптастырады. Мҧғалім бҧл кезеңде сабақ тақырыбын хабарлап, 
оньң алдыңғы сабатқпен байланысын атап кӛрсетіп, қажет болған 
жағдайда негізгі ҧғымдар мен тҥсініктерді қайталайды. Сосын 
барып, жаңа материалды оқып ҥйренудің міндеттерін белгілеп, 
танымдық сҧрақтар мен тапсырмалар қояды. Олардың арасында 
ӛзeiктi мәселелік сипаттағы тапсырмалар болуы мҥмкін. 
Жаңаны ауызша тҥсіндіргенде немесе оқулықтан оқығанда 
оқушылар кӛп аспектілі мазмҧннан бҧрын бір желілі материалды 
жақсы игеретіндігі белгілі. Мҧғалім оқулықтың мазмҧнына 
тҥзету жасай отырып, барынша маңызды, кҥрделі бӛлігін басты 
деректер, жарқын да бейнелі мәселелермен толықтырып 
тҥсіндіреді. Оқулық мазмҧнын игеруге жеңіл тҧстарын мҧғалім 
оқушылардың ҥйде ӛз беттерінше оқуына қалдырады. Басты 
назар кҥрделі теориялық материалға, базалық білімге 
аударылады. 
Бекіту
деп сабақта ӛтілген материалды екінші қайтара 
жаңғыртып, ой елегінен ӛткізуді айтамыз. Бекіту мақсаты -


48 
сабақта ӛтілген материалды есте сақтап, жаңа мен бҧрынғы 
білімді байланыстырып, оқушылардың зейінін ҧштап, сонымен 
бірге жаңа білімдерді игеруін тексеру. 
Сабақтағы бастапқы бекітудің орны оқып-ҥйренетін 
материалдың сипатына байланысты. Мысалы, жарқын, кӛтеріңкі 
сезімдегі мазмҧнды бекіту тәсілін қолдану ҥшін ҥзуге болмайды. 
Бірақ материал дербес, қисындық жағынан тҧтас бӛліктерге 
бӛлініп,ҥлкен теориялық жҥк арқалап тҧрса, кезеңдер бойынша 
бекіту қажет. 
Базалық білімді бекіту мҧғалім тҥсіндіруінен соң бірден 
басталады. Бҧл кезде ӛзінің дерексіздігімен тез ҧмытылатын 
тҥйінді оқиғалар; тарихи оқиғалардың сабақтастығы; олардың 
мазмҧны, географиялық атаулар, даталар мен есімдер 
қайталанады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет