Журасова А. Ш. Тарихты оқыту әдістемесі


Факультативтік сабақ және тарих кабинеті



Pdf көрінісі
бет33/40
Дата07.02.2022
өлшемі0,9 Mb.
#94635
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40
Байланысты:
Журасова А.Ш. Тарихты оқыту әдістемесі (1)

 
Факультативтік сабақ және тарих кабинеті 
 
Қазақстан Республикасының «Тарихи сананы қалыптастыру 
тҧжырымдасында» «Қазақстандық патиротизмді тәрбиелеу ісі-
ӛзінің туып ӛскен жерінің тарихын білуге негізделуі тиіс» 
делінген. Отан тарихы мен дҥниежҥзілік тарих жас 
жеткіншектерді жеке адам ретінде қалыптастыруға, ой-ӛрісін 
дамытуға, ӛзінң тарихи тҥп-тамырларын білуіне, қазіргі 
заманның кҥрделі проблемаларын дҧрыс шешуге кӛмектеседі. 
Оны оқытудың мақсаты оқушыларға ӛз жерін ежелгі заманнан 
бҥгінге дейін мекендеп келген адамзаттың жҥріп ӛткен тарихи 
жолының аса маңызды фактілерін, оқиғаларын, қҧбылыстарын 
оқытып уйрету, адамдар жинаған әлеуметтік, рухани, 
адамгершілік тәжірибені меңгерту, сол арқылы жас ҧрпақтың 
тәуелсіздік жолында Қазақстанның жаңа қоғамын қҧруға белсене 
қатысуына және Қазақстан мен дҥниежҥзінің тағдырына деген 
жоғары жауапкершілік сезімін қалыптастыруға тәрбиелеу болып 
табылады. Оқушының қазақ елінің тарихын дҥниежҥзілік 
тарихтың бір бӛлігі терінде қарастыруы, Қазақстанның Ресеймен 
және дҥниежҥзі елдерімен байланысы, дҥниежҥзілік ҧлт-азаттық 
қозғалыстар, олардың ортақ белгілері мен ерекшеліктері, тарихи 
қайраткерлер, халықтың тҧрмыс- тіршілігі, мәдени ӛмір және 
басқа да тарихи оқиғалар, фактілер қамтылып оқытылады. 
Отанымыздың тарихында кӛптеген маңызды оқиғалар болды. 
Оқу картасына ҥнілсек, кең байтақ Қазақстан жерінің 
жағрафиялық табиғи орны, ның кӛп ҧлтты халқының қҧрамы мен 


147 
Еуразия қҧрлығының кіндігінде орналасқан аймағы айқын 
кӛрінеді. Еуразия қҧрлығының ажырағысыз бӛлігі Қазақстан 
ӛзінің кӛп ғасырлық тарихында Шығыс және Батыс 
ӛркениеттерінің этника аралық байланыстарының белсенді 
аймағы болғанын кӛрсетеді. 
Қазақстан тарихында қазақ халқының ежелден басқа 
елдермен, мемлекеттермен байланыс жасап, бейбітшілік саясат 
ҧстағанын, халықтар арасындағы тҥсінушіліктің қажеттілігін 
баяндайтын тәрбиелік материалдар бар. Елбасы айтқандай: 
«Қазақ тарихында қазақ ҧялатын ештеңе жоқ. Біз бірде бір соғыс 
ӛртін бастаған амеспіз. Біз бірде бір елдің жерін жаулап, 
даламызға қосып алған емеспіз». Сондықтан мектептерде тарих 
оқулығында қамтылмаған және аз қамтылған мәселелер мен ӛлке 
тарихын тереңдетіп оқыту ҥшін факультативтік курстар 
ӛткізіледі. 
Себебі факультативтік курстар жалпы тарихты оқытудың 
қҧрамдас бӛлімі болып табылады. Факультативті курстарды 
ҧйымдастыруда мынадай принциптер басшылыққа алынады: 
1.
Оқытудың сабақтастық принципі; 
2.
Білім беру принципі; 
3.
Дамытушылық; 
4.
Тәрбиелік. 
Факультативтік курсты ҧйымдастырудың басты шарттары: 
-
факультативтік курс бағдарламалары оқушылардың даму 
деңгейіне сәйкес лайықталып қҧрылуы керек; 
-
факультативтік курстарда таңдап алынған материалдар 
оқушылардың игеруі ҥшін қолайлы болуға тиіс; 
-
материалды оқушының ӛзі игеріп, кҥрделі мәселелерге ған 
мҧғалім кӛмектесуі тиіс. 
Факультативтік курстардағы оқыту бағыттары: 
-
тарих сабағында оқылатын қиын тақырыптарды тереңірек 
ашу; 
-
мәдениет тарихы; 
-
ӛлке тарихы; 
-
этнографиялық-әлеуметтік мәселелер; 
-
қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар мен мәселелер. 
Факультативті жҧмысты ҧйымдастыруда қолданылатын 
әдістер: реферат, дӛңгелек ҥстел, дискуссия т.б.


148 
Мектептегі сабақты ҧйымдастыру мен сыныптан тыс 
жҧмыстардың ҧйымдастырудың, білім мен тәрбие берудің
орталығы –тарих кабинеті болып атбылады.
Тарих кабинеті – оқу ісінің кӛрінісі, оның иесінің жеке 
бейнесі.
Кабинетке қойылатын талаптар: 
1.
оқытушы насихаттайтын кӛзқарас, принциптерге сай 
болуы крек; 
2.
эстетикалық жағынан талапқа сай болуы; 
3.
жҧмыс жасауға ыңғайлы болуы керек.
Тарих кабинетін жасақтау кезінде мынадай жағадйлардың 
сақталуы қажет: 
1.
Кӛрнекі қҧралдар. Кӛлемді кӛрнекі қҧралдарға: карта, 
макеттер, модельдер жатады. Ілінбелі орташа кӛлемдегі 
қҧралдарға: картиналар, аппликациялар, альбомдар жатады.
2.
Дидактикалық материалдар: иллюстративтер, мәтіндер. 
3.
Кітап қоры: әдістемелік әдебиеттер, ғылми әдебиет, оқу 
әдебиеті. 
4.
Техникалық қҧралдар: диатека мен фонотека (планшет, 
диафильмдер, 
кинофильмдер, 
видеожазбалар, 
магниттік 
жазбалар), картотека. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет