2) «Педагог-модератор »
біліктілік санатына келесі кәсіби
біліктіліктерге сәйкес келетін педагогикалық өтілі кемінде екі жыл, мамандығы
бойынша жоғары педагогикалық және кәсіптік немесе техникалық және
кәсіптік білімі бар тұлғалар:
-
«педагог» біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап
береді;
-
білім алушылардың жетістіктері деңгейінде оқыту нәтижелеріне
қосқан жеке үлесіне талдау жасайды және рефлексия жүргізеді;
-
оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын
қолданады;
-
білім беру ұйымы деңгейінде өз тәжірибесін жинақтайды;
-
білім
беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға,
жарыстарға қатысады.