К. Д. Бузаубакова


Білім беру процесінің сапасын арттыруға бағытталған сапа



Pdf көрінісі
бет55/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

Білім беру процесінің сапасын арттыруға бағытталған сапа 
менеджмент жүйесі 
Бүгінгі таңда сапалы өнім өндіру басқа салаларға қалыптасушы ретінде 
әсер ететін тәуелсіз салаға айналды.
Қазақстандық ауыл шаруашылығын жоғары білікті еңбек ресурстарымен 
қамтамасыз ететін ЖОО алдында төмендегідей маңызды және қиын міндеттер 
тұр:
-
тұтынушының күтіміне сай сапалы қызмет көрсетуді үйрену;
-
жоғары білікті еңбек ресурстарын даярлау қызметінің сапасын тұрақты 
деңгейде ұстау және оны үнемі жетілдіру. 
Қызмет көрсету саласында бастапқы мәнді тұтынушының талабына 
бағытталған шаралар кешенін қамтитын басқару қызметі иемденіп отыр. 
Тұтынушы талаптарын анықтайтын және қызмет сапасының талаптарға 
сәйкестік дәрежесін бағалайтын сапа менеджмент жүйесі қажет етіледі. Мұндай 
жүйені енгізу және оның тетіктері арқылы басқаруға жүйелі ықпал етуге 
негізделе отырып, сапаны қамтамасыз ету арқылы мамандарды даярлаудың 
жаңа деңгейіне қол жеткізуге, сонымен қатар қолда бар кадрлық, материалдық-


46 
техникалық, ақпараттық және қаржылық әлеуетті тиімді қолдануға қол 
жеткізуге мүмкіндік береді.
ЖОО-ның білім беру процестерін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуді 
жетілдіру үшін ЖОО-ға сапа менеджмент жүйесін енгізу бойынша шаралар 
кешенін даярлаудан тұрады. Демек, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі 
міндеттер айқындалады: 

«кадрлік», «материалды-техникалық», «ақпараттық ресурстар» 
түсініктерінің білім беру процестерінде алатын орнын анықтау; 
- «қызмет сапасы», «сапа менеджмент жүйесі» түсініктерінің мәнін 
анықтау арқылы қажетті ресурстарын даярлау процесіне тұтынушылардың 
талаптарын қанағаттандыруға бағытталған сапа менеджмент жүйесін 
қалыптастыру қажеттілігін негіздеу; 
ЖОО-ның білім сапасын қажетті ресурстарымен қамтамасыз етуді 
жетілдіру мақсатында сапа менеджмент жүйесін енгізудің теориялық және 
тәжірибелік аспектілерін қалыптастыру қажет. 
Жалпы ішкі аудиттік сараптау барысында келесі әдістерді қолдану 
ұсынылады: интерактивті, статистикалық, сараптама, есептік-конструктивтік, 
модулді, эксперт-аудиттік және т.б. 
Жоғары оқу орындарына сапа менеджмент жүйесін енгізу негізінде білім 
беру процесін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуді жетілдіру:
 
- «қажетті ресурстар» түсінігінің және оның сыртқы бәсекелестік ортаға 
қарсы тұру мен даму қабілеттерінің мәнін айқындау; 
- «білім беру процесіндегі сапа менеджмент жүйесі» түсінігі білім беру 
мақсатындағы кез келген басқарма жүйесін сапамен қамтамасыз ету және 
жақсарту, басқару, жоспарлау; 
- ЖОО-да сапа менеджмент жүйесін қалыптастыруды қазіргі заманғы 
көзқарастармен жүйелендіру; 
- Білім беру процестерінің сапасын арттыруға бағытталған сапа 
менеджмент жүйесі моделін құру. 
ЖОО-ның сапа менеджменті жүйесі халықаралық стандартының ISO 
9001 сериясының талаптарына, Жалпы сапа менеджменті (Total QM) 
ұстанымдарына және Еуропалық қор моделіне негізделеді. Қазіргі уақытта 
кәсіпорын, ұйым үшін сапаны басқарудың ең тиімді жұмыс моделі болып 
Жалпы сапа менеджменті моделі, басқаша айтқанда TQM (тотальды 
менеджмент жүйесінің принциптері) болып табылады.
Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару сипаты төмендегідей қағидалар, 
принциптер жиынтығымен анықталады: білім берудің ізгіліктік сипатта болуы; 
білім берудің жалпыға қолжетімділігі; білім берудің зиялылығы; білім берудегі 
еркіндік; білім берудің демократиялық сипатта болуы ( 10-сурет). 


47 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет