Гибридтелген орбитальдардың кеңістік осьтерінде орналасуы. Гибридтелген орбитальдар бір-бірінен барынша қашықтықта орналасуға тырысады, бұнда остер арасындағы бұрыш 1090 28/, ал остердің өздері тетраэдр төбесіне қарай бағытталады.
Лабораториялық тәжірибе №1« Көмірсутектер мен олардың галогентуындыларының моделдерін жасау»
Мақсаты: ОҚҚТ негізгі қағидаларының сақталуына көңіл аудару, молекуладағы атомдар валентіліктеріне сәйкес белгілі бір тәртіппен байланысады.
Жұмыс барысы:метан мен этан молекуласының моделін жинау.
Қорытынды: Алкандар молекуласында атомдар салыстырмалы түрде С-С байланыста еркін айналады және тізбек әртүрлі формада бола алады. Бұл құбылысты конформация деп атаймыз. Табиғатта кездесуі: табиғатта көмірсутектер сұйық, қатты, газ күйінде кең тараған. Олар мұнай, газ, озокерит күйінде кездеседі.Табиғи газдың негізгі құрам бөлігі метан. Табиғи газ отын ретінде, ал мұнай шикізат ретінде қолданылады.
Алкандардың алынуы: А) Мұнай мен серік газдардан, мұнайда сұйық алкандар, қатты алкандар мұнай және озекеритте болады.
Б) Жай заттарды синтездеу - көміртекті гидрлеу.
В) Лабораторияда натрий ацетататынан
СН3 СООNа + NаОН--------СН4 +Nа2 СО3 Г) Қаныққан көмірсутектердің галогентуындыларын металл натриймен әрекетестіру. Вюрц реакциясы 2СН3 I + 2 Nа-----------С2Н6+ 2NaI
Мұнай мен газдың жер қыртысындағы қоры 100-200 млн жыл бұрын пайда болған. Евфраттың жағасында 6-7 мың жыл бұрын б.э. дейін өндірілген. Ол үйлерге жарық беру үшін қолданылған, құрылысқа қажетті ерітінділер дайындау үшін, майлар, дәрілер, бальзамдау, тұтатқыш зат есебінде тарихта «грек оты» деген атпен белгілі болған. Орта ғасырда көшелерге жарық беретін зат ретінде қолданған.
Керосинді фракцияларға бөлу- крекинг әдісін 1891жылы алғаш жүзеге асырған орыс инженері Иван Шухов . Тізбекті алкандардың изомерленуін риформинг деп атаймыз. Ол мұнайды алғаш айдағаннан кейін алынған бензин фракциясының сапасын арттыруда үлкен маңызы бар. Мұнайдың қорын зерттеген мамандардың айтынша мұнайды өндіру 8 %, ол 50-70 жылға жетеді. Биогазды қолдануға болмай ма? Өсімдік және жануар қалдықтары Қытай мен Индияда қолданылады. Лабораториялық әдістің ең кең қолданылатын түрі Вюрц реакциясы. Француз химигі Шарль Вюрц 1855 жылы галогеналкандарды металл натриймен қосып қыздырып қаныққан көмірсутектерді алудың әмебаб әдісін тапты:
2СН3 I + 2 Nа-----------С2Н6+ 2NaI
Вюрц реакциясының ерекшелігі- бастапқы затпен салыстырғанда өнімдегі көміртек тізбегінің екі есе ұзаруы.