Карбозова булбул давлетханкызы


 Омонимдердің когнитивті-семантикалық құрылымы



Pdf көрінісі
бет33/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

1.2 Омонимдердің когнитивті-семантикалық құрылымы 
Когнитивтік лингвистика – тіл мен сана сабақтастығынан туындайтын 
мәселелерді, ақиқат дүниенің тілдегі бейнесін концептуалдау, категориялау 
мәселелерін, адамзаттық тәжірибелер мен когнитивтік қабілеттерінің тілдік 
жүйедегі құндылықтардан көрінуін, тіл арқылы адамзаттың аялық білімін тану 
ерекшеліктерін зерттейтін тіл білімінің бағыты. Когнитивтік лингвистика 
аясында тілдік жүйедегі мағына мен ұғым айырмашылықтары, мағынаның 
семантикалық реңктерін анықтау жолдары, ақиқат дүниенің тілдік таңбасын 
тану заңдылықтары қалыптаса бастады. 
Қазақ тіл білімінде когнитивтік зерттеулер ХХІ ғасырдың басында 
жүргізіле бастады. Алғашқы зерттеулер профессор Н.Уәли еңбектеріндегі 
мәдени концептілердің лингвокогнитивтік талдау жұмыстарында көрініс тапты. 
Қазақ тіл білімінде соңғы кездері когнитивтік лингвистика мәселелеріне ерекше 
көңіл бөліп зерттеу нысанына айналдырған Г.Гиздатов, Қ.Жаманбаева, 


26 
Ж.Манкеева, Э.Сүлейменова, А.Ислам, Г.Снасапова, М.Күштаева, Н.Айтова, 
Қ.Есенова, А.Әмірбекова, А.Сыбанбаева, Э.Оразалиева секілді зерттеушілер 
бұл мәселені когнитология, лингвомәдениеттану салалары тұрғысынан 
қарастырды.
Антропоөзектік парадигмада анықталатын когнитивтік лингвистика 
ғылымының негізгі ұғымдарының бірі – концепт. Концептінің мәнін ашу сана 
заңдылықтарына тікелей байланысты. Профессор Н.Уәлидің зерттеуі бойынша: 
«Концепт – индивид санасында сәулеленген сезімдік-заттық образдың негізінде 
пайда болады. Концепт негізінде сезімдік тәжірибе жатады. Сезімдік-заттық 
образ (код) концептінің ядросы болып табылады. Осы заттық код белгілі бір 
объектіні терең, жан-жақты білген сайын жаңа мәндік белгілерімен байи түседі. 
Осының нәтижесінде концептінің мәні, мазмұны ұлғаяды» [59]. 
Ғалым А.Исламның пікірінше: «Концепт» дегеніміз – ол біздің 
пайымдауымызша, адам санасында тұрған орта, дін, мәдениет, жалпы айтқанда, 
дүниетаным негізінде белгілі бір ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз беріліп отыратын 
құндылық. Сөйтіп, олар «концептілер аймағын» құрайды» [60, 2 б.]. 
Концепт – бір сөздің беретін ұғымы мен түсінігі емес, күрделі 
семантикалық бірлік. Концепт пен ұғым екеуінің аражігі бұл күндері толық 
ашылған логика-лингвистикалық бірліктер болып табылады. Ол тілдік 
бірліктердің қандайын болса да (сөз, сөз тіркесі, сөйлем, дискурс) белгілей 
алатын, семантикалық өріс ретінде көрініс беретін мағына. Онсыз ол концепт 
деңгейіне көтеріле алмайды [61]. 
А.Әмірбекованың зерттеуі бойынша: «Концепт ұғымына берілген
тұжырымдарды зерттеу нәтижесі концептіні танытатын критерийлерді ұсынуға 
негіз болды, яғни концепт дүниенің құндылықтарын танытады; концепт 
санадағы дүниенің мәнін бейнелейді; тіл арқылы объективтенеді; субъектінің 
біліми деңгейін танытады; белгілі бір ұлттың мәдени деңгейі мен менталитетін
көрсетеді; әрбір ұлттың танымдық белгілерінің мазмұнын ажыратады;
Мысалы: қазақ халқында танылған «шаңыраққа қара ту тігу» фреймі «өлім»
концептісін танытады. Тұлғаның өзіндік танымдық стилін айқындайды; 
концепт – адам тәжірибесіндегі идеалды түсініктің ең кішкене бірлігі; концепт 
– білімді тарату, сақтау және оны өңдеудің негізгі бірлігі» [62]. 
Когнитивтік лингвистика арнайы сала ретінде ХХ-ХХІ ғасырларда 
қалыптасқанымен, оның түп негізі тіл білімі зерттеулерінде бұрыннан болғанын 
тілші ғалымдардың зерттеуінен айқын байқауға болады. Себебі тіл ойлаусыз, 
ойлау тілсіз жарықа шыға алмайтын құбылыстар. Тіл мен ойлаудың 
сабақтастығы жалпы тіл білімінде құрылымдық лингвистика деңгейінде 
шектеліп қарастырылған болса, когнитивтік лингвистика аясында кеңінен, 
тереңінен зерттелуге мүмкіндік алды. Сондықтан санадағы айтылмақ ойдың 
астарын тіл арқылы білу, тілдің мағыналары арқылы ішкі жан дүниені тану 
әрекеттері қазақ лингвистерінің құнды зерттеулерінде бұрын қалыптасқанын 
Э.Оразалиева зерттеген болатын. Зерттеуші қазақ тіліндегі когнитивті 
лингвистика, яғни тілді танымдық тұрғыдан қарастыру мәселелерінің қазақ 


27 
тілтанушы ғалымдарының еңбектерінде қаншалықты орын алғандығын 
айқындап берді [63].
Қазіргі 
қазақ 
когнитивтік 
лингвистикасында 
концепт 
мәселесі 
лексикология, этнолингвистика, терминология, тіпті грамматика салаларында 
жан-жақты талданып, зерттелуде. Белгілі бір ұғым немесе категорияның мәнін 
жан-жақты ашу мақсатында концепт құрылымының шеңбері де кеңейді. 
Сонымен қатар концепт тек когнитивтік лингвистика саласының ғана негізгі 
зерттеу нысаны емес, лингвомәдениеттану ғылымының да ұғымдарына 
жататыны айқындалды. Мысалы, 
шаңырақ, домбыра
мәдени концепт ретінде 
лингвомәдениеттану саласында қарастырыла бастады.
Қазақ тіл білімінде алғашқы когнитивтік лингвистика парадигмасындағы 
зерттеулер ұғым мен концепт, концепт пен мағына аражігін ажыратуға қатысты 
болды. Себебі философияның зерттеу нысаны болып табылатын ұғым тіл 
саласында қалай зерттеледі деген мәселелер тұрды. Сондай-ақ концептіге 
берілген анықтамалар ұғым атауының дефинициясымен ұқсас болуы аталмыш 
терминдердің әр саладағы қызметі мен маңыздылығын ашып көрсетуге себепші 
болды. Нәтижесінде ұғым, категория, концепт терминдері когнитивтік 
лингвистиканың зерттеу нысандарына айналды. Философияда ұғым мен 
категория басқа қырынан қарастырылса, тіл білімінде жаңаша қырынан 
қарастырылатын болды. Басты ерекшелік – когнитивтік лингвистика аясында 
ұғым мен концепт категорияланады, концептуалданады және оның 
жиынтықтары тіл арқылы танылады. Когнитивтік лингвистика саласында 
концепт мәнін ашу үшін сол ұғым туралы жинақталған ақпараттар 
категорияланады. Категориялану дегеніміз – белгілі бір ұғым туралы 
жинақталған аялық білімнің реттелуі, яғни адам санасында сақталған ескі және 
жаңа білімдердің топталуы, тақырыптарға бөлініп сұрыпталуы. Мәселен, 
«бақыт» ұғымы туралы аялық білімдердің ішінде ең маңыздысы әрбір адамда, 
әрбір ұлтта әртүрлі көрініс табуы мүмкін. Мәселен, қазақ халқы үшін бақыт 
ұғымын танытатын маңызды катеориялар – бала, отбасы. Ал еуропалықтар 
үшін бақыт – байлық, мансап, дәулетті өмір болуы мүмкін. Санада жинақталған 
ақпараттардың категориялануы осылайша концепт мәнінің негізгі ядролық 
өзегін табу үшін қажет. Санада жинақталған аялық білімдердің категориялануы 
негізінде концептуалдық құрылымдар құрылады. Яғни концептінің өзегі, 
маңызды 
категориялары, 
индивидуалды 
танымдары, 
окказионалды 
қолданыстары т.б. Адам санасында категорияланып, тақырыптық ұяшықтарға 
салынып, реттелген ақиқат туралы аялық білім шоғырына енді концептуалдау 
үдерісі жүргізіледі. Ойлау жүйесінде белгілі ұғымның категориясы қалай 
сақталған деген сұрақ туындайды. Көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу 
арқылы санада сарт етіп сақталды ма, әлде адам тәжірибесінің ұрпақтан-
ұрпаққа берілетін өмір тәжірибесі арқылы ма, стереотиптік таным-түсінік 
арқылы ма, ассоциациялық түйсік пе, адам үшін эталон ретінде қабылдануы 
ма? Осындай санадағы процестердің көрінісі нәтижесінде категорияланған 
ақпараттар енді концептуалдана бастайды. Одан кейін оның тілдік көрінісі 
концептуалданады, яғни ассоциациялық түйсік арқылы қабылданған ақпарат 


28 
қандай тілдік бірлік арқылы жарыққа шықты? Концептуалды метафора, эпитет, 
фразеологиялық бірлік, окказионалды қолданыс, тұрақты теңеулер, қазақ 
тілінің паремиологиялық қоры концептуалданудың тілдік көрінісін сипаттайды.
Ал когницияда категориялануы мүлде басқа жүйені құрайды. Концепт аясына 
жиналған ұғымдар санада когниция арқылы фрейм, сценарий, скрипт, схема, 
ойбейне (мыслительная картина) категориялары арқылы жүйеленеді.
Когнитивтік лингвистика – адам санасында тілге дейін жарыққа шыққалы 
тұрған ойы мен пайымын жинақтау, дайындау, тілдің қай бірліктерімен беру 
қажеттілігін таңдау процестерін қарастыратын тіл саласы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет