135
Жауабы:
Екінші жақтағы жіктеу есімдігі. Сен-етістік
2-тапсырма.
Мәтіндегі омонимдік бірліктерге лингвистикалық сипаттама
беріңіз.
Сана – әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі адамның рухани белсенділігінің
ең жоғары деңгейі. (Қаз. тілі термин. Педагогика.).
Ал, Оңбай көк соққан көзін ашқаннан велосипед мініп, баудан алма теріп,
ерінбей-жалықпай бағандардың сымына қонған торғайларды санап өскендей,
«ал» десең де, «қос» десең де, «бөл» десең де, «көбейт» десең де аузы-аузына
жұқпайды
(Ә.Кекілбаев «Тасбақаның шөбі»).
3-тапсырма.
Мәтіндегі (сөйлемдердегі) омонимдерді (түрлеріне, сөз
таптарынан жасалуына, семантикалық мағынасына) тауып, оларды түрлеріне
қарай ажыратыңыздар.
ҚАП
о д. э к с п р. 1. Өкініп, опық жегенде айтылатын ишарат сөз. Деген
соң қуғыншылар қайтты налып, Өкініп: «қ а п-қ а п!» десіп, қайран қалып. Бет
алып кейін қарай жүре берді, Қойғанын қайдан білсін қапқа салып (О.
Шораяқов, Шайыр.). 2. «Әттеген-ай», «ой» деген мағынадағы жеңіл өкіністі
білдіреді. – Таныдың ба? – Танымадым... – Қ а п, бәлі! Аң-таң болып, қарт
та ойланып, таппады. «Қайда көрген кісім...» деймін ішімнен, Дәл баса алмай,
Қиналып тұр қарт та әлі... (C.Жиенбаев, Алтын қалам ). Қ а п, мынаның
баласы!.. «Мен бөрінің бөлтірігімін» деп келеді-ау! (М.Әуезов. Абай).
Достарыңызбен бөлісу: