Каз Мектеп-10-2015. indd



Pdf көрінісі
бет38/80
Дата03.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#72202
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80
Байланысты:
Каз-Мектеп-10-2015

Алматы  қаласы.


37

www


.kazmektep.kz

45 минут

абақ – бұл мұғалімнің жалпы және педагогикалық  мәдениеті, оның 

интеллектуалдық байлығының өлшемі, оның ой-өрісінің көрсеткіші” 

ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ 

ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

Жанаргүл ҚУАНЫШЕВА, 

№50 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,

Жайнагүл МЕКТЕПОВА,

осы мектептің музыка пәні мұғалімі

“С

деген  В.А. Сухомлинскийдің қанатты  сөздері Ақтөбе қаласындағы №50 орта 

мектебінде өткен қалалық семинарының  ұранына айналды.  

Сабақ сан  қырлы болған жағдайда  ғана  оқушылар  үшін  де, мұғалімдер 

үшін де  қызықты болады.  Заманауи  сабақты  дайындау және  өткізу үшін 

бізге кіріктіру көмек береді. 

Кіріктірілген сабақтарды өткізу тәжірибесі әр мұғалімде бар. Бұл үлкен 

дайындықты қажет етсе де, бұндай сабақтардың тиімділігі өте жоғары.  45 

минут  аясында екі немесе бірнеше оқу пәндерін кіріктіру арасындағы өзара 

байланыс үйлесімді және оқушыға түсінікті болуы қажет.

Кіріктірілген сабақтың басымдылығы неде және бүгінгі күні ол қандай? 

Пәндерді кіріктіру дегеніміз не? Осы және басқа сұрақтарға жауап біздің мек-

тепте   ұйымдастырылған тәжірибе сабақтары барысында нақтыланып келеді.

Семинар  тыңдаушыларының  назарына  9-10  сыныптарындағы  кірік-

тірілген  сабақ  ұсынылды.  Екі  пәннің  (олар  одан да көп болуы мүмкін) 

тоғысу нүктесі сабақтың шыңы, оның мақсаты болады. Шектес пәндермен 

бірге    әртүрлі    циклдерді    құрайтын    пәндер    де    кіріктіріледі.    Белсенді 

пікірталас  барысында    кіріктірілген  сабақтар    мектеп  оқушысының  ой 

әрекеттерінің  қуатты  ынталандырушысы  бола  алады  деген  пікірлер  ай-

тылды.


Бүгін    педагогика    кіріктірілген    сабақтардың    негізінде    адамгершілік  

бағыт  болу керек деген пайымға баса  назар  аударады.  Бұл  білімнің әр 

оқушыға  маңызды,  жақын  сипатын  алады  деген  ой  туғызады.    Білімнің 

мәнсіздігі  жойылып,  оқу  материалының  әлеуметтік    маңыздылығы  бірінші 

орынға шығады.  Бұл  мұғалімді  жарқын,  жанды үлгілерді іздеуге, оқушының  

өзекті    қызығушылықтарына    бейімделуге,  бала  үшін  материалдың 

маңыздылығына бағыттайды. Семинарда өткізген  әдебиет пәні мен музыка 

сабағының кіріктірілген сабақ жоспарының үлгісін ұсынып отырмыз.



Сабақтың тақырыбы. «Ақан – әнші-ақындар тобының көрнекті өкілі». 

Сабақтың  мақсаты.  Ақанның  шығармашылық  мұрасымен  және 

музыкалық бейнесімен оқушыларға жан-жақты мағлұмат беріп, оны игеруді 

ұйымдастыру. 

Сабақтың міндеттері. 

1. Білімділік. Ақан ақын, әнші, сазгер, сері екенін жеткізу. Ақын ретінде 

әлеуметтік өмірге тереңдеуін, заман жайлы толғауларын талдау. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет