Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрілігі


Каротаждың  басқа  əдістері



Pdf көрінісі
бет18/90
Дата19.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#129510
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   90
Байланысты:
Копия baigazieva kasipshilik umk kz

Каротаждың  басқа  əдістері.

Бұл  бөлімде  əр  түрлі  физикалық  өрістерде

қолданатын əдістер біріккен:

- АК (акустикалық  каротаж) – ұңғыма  қабырғаларында  серпімді

толқындардың əлсіреуі жəне таралу жылдамдығының өзгерісін өлшейді;

- МӨК магниттік өтімділік каротаж;

- термокаротаж – ұңғыма қабырғаларындағы тау жыныстарының жылулық

қасиетінің өзгерісін (температуралық немесе жылулық кедергісі) өлшейді;

- механикалық каротаж (немесе өтімділікті өлшейтін каротаж) – бұрғылау

кезінде ұңғыма оқпанының əрбір метрінің өтімділігін өлшейді;

- газды каротаж – бұрғылау кезінде ұңғыма бетіне шығатын, яғни бұрғылау

сұйықтығының құрамындағы көмірсутекті өлшеу.

«Каротаж» терминінің  этимологиясы (шығу  тегі) жайлы  қысқаша  айтсақ,

ол  француз  тілінен la carotte – сəбіз  деген  сөзінен  шыққан. Француз

бұрғылаушылары ұңғымадан алынған тасбағанды осылай атаған. Дəл тасбаған

алу  процессін, carottage деп  атады. Артынша  тасбаған  бойынша  қиманы




15

құжаттау  үшін  осы  сөз  қолдана  бастады. Сондықтан, француз  геофизиктері

қиманы  электрлік  кедергісі  бойынша  құжаттауды  ұсынды, оны  электрлік

каротаж  деп  атады. Бірақта  француз  тілінде "каротаж" мағынасы, тағы  бір

жағынан «ұсақ  алаяқ» дегенді  білдіреді. Осы  бір  себеп  бойынша  француздар

басқа  терминді  қолдана  бастады  "des diagraphies" – тура  аудармасы

"диаграммалау",  бұл  осы  əдістердің  мағынасына  жақын. Ағылшын  тілінде-

"well logging" – ұңғымалық  диаграммалау  деген  ұқсас  термин  қалыптасқан.

Неміс  тілінде  каротаж "bohrlochmessung" – ҰГЗ  мағынасы  бойынша, сəйкес

келетін бұрғылау ұңғымаларындағы өзгеріс деген мағынаны білдіреді. Осыған

қарамастан  орыс  тілінде "каротаж" термині  қалып  қойды  жəне  оны  əліде

қолданып келеміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет