Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрілігі



Pdf көрінісі
бет65/90
Дата19.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#129510
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   90
Байланысты:
Копия baigazieva kasipshilik umk kz

Кавернометрия

. Бұрғылау  кезінде  ұңғыма  диаметрі  тұрақты  болып

қалмайды, ол  тереңдікпен  жəне  уақытпен  өзгереді. Ұңғыма  диаметрі

номиналды (тұрақты) болуы, яғни долото диаметрімен сай келуі де немесе одан

кіші  болуы  да  мүмкін. Диаметр  өзгерісін  тау  жыныстарының  литология-

петрографиялық  құрамына  жəне  бұрғылау  технологиясына  байланысты

анықтайды.



58

Номиналды  диаметр



d

H

қатты (тығыз) өткізгіш  емес  тау  жыныстарында

сақталады.  Диаметрдің  үлкеюі

d

c

>d

H

саздарды, аргелиттерді, тас  тұздарды,

жарықшақты  жəне  каверналы  ізбестастарды  бұрғылауда  байқалады.

Номиналды  диаметрмен  салыстырғанда  ұңғыма  диаметрінің кішіреюі  өткізгіш

қабаттарға  бұрғылау  сұйықтығының  өтуі, фильтрленуі  жəне  ұңғыма

қабырғасына сазды қабыршақтың пайда болуынан болады. Тұз жəне аргелиттер

қабаттарына  қарсы  каверна  пайда  болуын  жəне  сазды  қабыршақтың  өсуін,

шартты  жағдайда  бұрғылау  сұйықтығымен  анықталады. Ұңғыма  ешқашанда

бірқалыпты  тік (вертикалды) болмайды. Сондықтан  бұрғылау  аспаптарын

түсіріп-көтеру  кезіндегі  операциялар  əрқашанда  сол  бұрғыланған  ұңғыма

қабырғасымен  жəне  біртіндеп  жылжып  отырады. Осындай  жағдайда  құлыпты

қосылыстар  тау  жыныстарын  соғып, оларды  бұзады, желобтар  пайда  болады

жəне ұңғыма диаметрін ассиметриялы өсіреді.

Ұңғыма диаметрінің нақты (фактический) өзгерісін өлшеу кавернометрия

деп  аталады. Бұл  өлшеулер  арнайы  кавернометр  жəне  профилиметр

аспаптарымен  жүргізіледі.  Каверномерлер, кавернограмма  деп  аталатын

тереңдік  бойынша  орташа  диаметрлерді  үздіксіз  жазады. Профилимерлер  екі

немесе  бірнеше  жазықтықтағы  диаметрлердің  немесе  ұңғыма  радиусының

өзгерісін  өлшейді. Мұндай  өлшеулерді  үзіліссіз  ұңғыма  бағанының  бойымен

жүргізеді  жəне  осыдан  алған  диаграмманы  профилеграмма  деп  атайды, олар

жеке нүктелер үшін де орындалады.

Өлшеу элементтерінің құрылысына байланысты барлық ұңғымалық

аспаптар циркульды, фонарлы, ромбылы болып бөлінеді.

Ұңғыма 


оқпанының 

қимасының 

пішінін (формасын) зерттеу

профилиметрия  деп  аталады  жəне  профилимер  аспабымен  орындалады.

Профилиметрия  мəліметтері  технологиялық  операцияларды  жоспарлау  үшін,

яғни  ұңғыманы  шегендеу  жəне  оның  өтуін (проходка) тексеру. Ұңғыма

қимасында  желобтар  профилимерлер  көмегімен  анықталады. Бір  жазықтықта

орналасқан  бұл  аспаптың  каверномерлерден  ерекшелігі  əр  жұп  рычагтың

көрсеткіштері  бөлек  тіркеледі. Желобтардың  барлығын  анықтағаннан  кейін

ұңғыманың көлденең қимасын бөлшектеп қарастырады. Бұл мақсатты орындау

үшін  өлшеу -сегіз  өлшеуші  рычагы  бар  профилимер-радиусты  СПР  аспабын

қолданылады. Ұңғымада  өлшеулер  дискретті  нүктелер  бойынша  жүргізіледі.

Аспапты өлшеу жүргізілетін интервалға орналастырады жəне əр сегіз өлшеуші

рычагтан  кезек-кезек  көрсеткіштерін  алады. Азимут  бойынша  келтірілген

өлшеулер, ұңғыманың  көлденең  қимасының  диаграммасын  тұрғызуға

мүмкіндік береді.

Цементтелу сапасын бақылауды құбыр сыртындағы кеңістікте цементтің

орнын, цемент  тасындағы  ақауларды,жыныс-цемент  арасындағы  байланыстық

нашар бөліктерін анықтау мақсатында жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет