Казақстан республикасының білім және ғылым министрлігі к. Ә. ДӘуітбаева



бет25/155
Дата24.04.2022
өлшемі2,44 Mb.
#140657
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   155
Байланысты:
zoo

ПОЛИХИМЕНОФОРА ОТРЯД ҮСТІ - POLYHYMENOPHORA
Инфузориялардың денесін кірпікшелер қаптаған және ауыз айналасында спи­раль түрінде дөңгеленген, оңға қарай бірнеше қатар бұралып жатққан мембранеллалары бар. Бұларға көптеген отрядтар жатады, солардың ішінен үшеуін қарастырамыз:
Әр түрлі кірпікшелілер отряды - Heterotricha
Тұщы суларда кең тараған, ірі инфузориялар. Ауыз айналасындағы мембранеллалары ірі кірпікшелерден құралған, ал дененің қалған бетін майда біркелкі кірпікшелер жапқан. Негізгі өкілдері - Stentor polymorphus, Spirostomum ambiguum, Bursaoria truncatella, Balantidium coli.
Stentor polymorphus-тың ұзындығы 1-2 мм, воронка тәрізді, су түбінде бекініп тіршілік етеді.
Spirostomum ambiguum-ның ұзындығы 2 мм-ге дейін жетеді, денесі ұзын, соған сәйкес ұзынша келген макронуклеус және бірнеше майда микронуклеустер болады. Жиырылғыш вакуолі дененің артқы жағында орналасқан.
Balantidium coli - адамның тоқішегінде тіршілік ететін өте қауіпті паразит. Ұзындығы 50-80 мкм, жалпақтығы 40-60 мкм. Балантидия циста күйінде ішектен сыртқа шығады. Цистаны жұту арқылы адам балантидиоз деген ауруға шалдығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет