Керегіңді ал білгенінді қос, дейді. Данышпандар дариясының солмайтынын, шынайы шындықтың тозбайтынын паш етіп, ұсынады



бет67/110
Дата06.02.2022
өлшемі392,72 Kb.
#48663
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   110
Жеті саны діни ұғымда.
Жеті ұғымын діни жағдайда да көп байланыста қолданады. Мәселен, қырғыздарда жылан шаққанда жеті қара қойды жыланмен арбастыру деген бар екен, оны Дарымшы дейді. Жылан арбаушылар (Төрехан Майбастан) жасаған, білем.
«Жеті» түркі тілінде «апта» сөзінің орнына жүре алады.
Күндер атауы:
Дүйсенбі (бүгін) Жұма (ауыр күн)
Сейсенбі (ертең) Сенбі (соңғы күн)
Сәрсенбі (бүрсігүні) Жексенбі ( азына).
Бейсенбі (арғыкүні)
Біз «жетісіне бір рет...», «Бір айда төрт жеті» (неделя -апта) т.б. дейміз. Қазақша бұл «жұма» - бір жұма, төрт жұма деп келіп отырады. Мұны да білгеніміз жөн. Қазақ-мұсылман, жұма күні кір жумайды, жолға шықпайды, қайта шелпек пісіріп, аруақтарға құран оқытып, садақа беріп, бабаларды еске алады. Сондықтан да жұма жеті күн аптаның жетінші күні болуы әбден дұрыс. Жұма - демалыс күн болсашы! Қалқымыз «жеті», - деген саннан осылайша мазмұны терең мән тауып, өмірі мен тұрмысына тірек, жанына жалау еткенін көреміз. «Жеті» санының қазақтағы сияқты сол жүйелес елдерде: түркі, қырғыз, грек, араб т.б. Батыс елдерінде де тамырын кең жайған. Мысалы: «У семи нянек дитя без глазу» - орыста, «Обвинять в семи смертных грехах»- гректе. Бұлар да зерттеу тілейтін сөйлемдер.
Адам үшін «Жеті серік» аздық етпес, көп те болмас. Олар:
1.Ақыл; 2.Куат; З.Тәлім; 4.Парасат (адамгершілік, білім, ғылым); 5.Руһ (ыждаһат, ниет, сана, көзқарас); 6.Ар (ұят, дін, тек); 7.Ождан (ынсап, мейірім, әділет, сенім) сияқты ұлы пейілділер көп болса, адамды пайғамбарым дерсіз (Б.Т.)
«Жеті жоқ»: Жерде белбеу жоқ Аллаһда бауыр жоқ
Аспанда тіреу жоқ Аққуда сүт жоқ
Таста тамыр жоқ Жылқыда өт жоқ
Тасбақада талақ жоқ.
Қазақтардан басқа қалықтарда да жеті қазына туралы түсінік бар. Мәселен, грек аңыз - әңгімелерінде «Жеті қазынаға» мыналар жатады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет