Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Топырақтың жалпы физикалық қасиеттері-қатты фазаның тығыздығы, қуыстылық және оның түрлері



бет76/123
Дата08.06.2020
өлшемі208,94 Kb.
#72687
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   123
Байланысты:
гос жауаптаррр

9. Топырақтың жалпы физикалық қасиеттері-қатты фазаның тығыздығы, қуыстылық және оның түрлері

Топырақтың қатты фазасы механикалық элементтер деп аталатын әртүрлі мөлшердегі бөлшектерден тұрады. Олар тау жыныстарының үгінді сынықтары, жеке минералдар, қарашірінді заттар, органикалық және минералдық заттардың өзара әрекеттестіктерінен пайда болатын минералды, органикалық және органо- минералды болып келеді. Механикалық элементтердің (фракциялардың) салыстырмалы мөлшерін топырақтың грануметриялық құрамы деп атайды. Диаметрі 1 мм- ден ірі топырақтың механикалық бөлшектері оның қаңқасын ал 1 мм- ден уақ бөлшектері ұсақ ұнтақ бөлімін құрайды. Өз кезегінде ұнтақты бөлшектер физикалық құмда (0,01 мм ірі бөлшектер) және физикалық сазға (0,01 мм уақ) бөлінеді.

Топырақтың тығыздылығы дегеніміз - табиғи құрылымы бұзылмаған құрғақ топырақтың м3 көлемінің салмағы. Оны ГСМЗ-мен өлшейді. Өсімдіктердің өсіп- өнуіне қолайлы топырақ тығыздылығы 1- 1,2 гом3. Солтүстік Қазақстанның кәдімгі қара топырағының қарашірінді қабатының тығыздығы 1-1,1 гем3 болып келеді. Ал қарашірінді аз, механикалық құрамы құмдақ нағыз қоңыр топырақтың үстіңгі қабатының тығыздығы 1,3-1,35 болады. Топырақтың қатты бөлігінің тығыздығы - 400 температурада топырақтың қатты бөлігінің 1 м3 көлемінің салмағының осындай көлемдегі судың салмағына қатынасы. Көптеген топырақтардың қатты бөлігінің тығыздылығы 2,4-2,65 болып келеді. Оның мөлшері топырақ құрамында органикалық қосылыстар, қарашірінді мол болса, кеми түседі, ал ол аз болса, ұлғая түседі. Топырақтың кеуектілігі - оның қатты бөлігі арасындағы қуыстардың қосындысымен есептеледі. Оны 1 м3 топырақ көлеміндегі кеуектердің (қуыстардын) үлесін % мелшерімен сипаттайлы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет