Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет2/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018

Пәнді оқыту мақсаты: болашақ педагогтардың лидер және лидерлік туралы білімдерін кеңейту арқылы кәсіби маңызды лидерлік сапаларын дамыту.
Пәннің міндеттері:
- лидерлік феноменінің генезисін, теорияларын, тұғырлaрын анықтау;
- қaзaқ ойшылдaры мен aғaртушылaрының еңбектерiндегi лидерлiк идеялaрымен таныстыру;
- «Лидерлiк» және «бaсшылық» ұғымдaрының aрaқaтынaсын түсіндіру;
- лидерлiк сапалардың дамуына әлеуметтiк ортaның әсерін анықтау;
- тұлғаның лидерлiк сапаларының диaгностикaсын жасауды үйрету;
- тұлғаның лидерлiк сaпaлaрын дaмытудың жолдaрын және әдiс – тәсілдерін меңгерту.
Перереквизиттер: философия, педагогика тарихы, өзін-өзі тану, педагогика.
Постреквезиттер: әлеуметтану, әлеуметтік педагогика, педагогикалық практика, пәндерді оқыту әдістемесі, Пәнді оқу барысында алған білім, білік дағдылары болашақ педагогтың кәсіби құзыреттілігінің құраушысы болып табылады.
«Кәсіби лидерлік негіздері» пәнін меңгеру нәтижесінде қойылатын талаптар:

  • Пәнді оқыту үдерісі төмендегідей құзыреттілікті дамытуға бағытталған:

  • кәсіби лидерлік сапаларын дамыту;

  • ұлт интеллегенциясын қалыптастыру;

  • адамгершілік құндылықтарын дамыту;

  • кәсіби іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау;

  • коммуникативтілік қабілеттіліктерін дамыту;

  • ақпараттық және инновациялық технологияларды игеруіне және тиімді пайдалануға ықпал ету;

  • педагогикалық жүйені ұйымдастыру, басқару және т.б.

«Кәсіби лидерлік негіздері» пәнінің ұстанымдары:
Жоғары оқу орнының тұтас педагогикалық үдерісінде студенттерді жан-жақты дигностикалау арқылы, жеке тұлғалық, лидерлік сапаларын анықтау. Интеллектуалды әлеуетінің, бәсекеге қабілеттілік, әлеуметтік табыстылық дәрежесінің көтерілуіне ықпал ету.
Болашақ педагогтардың лидер және лидерлік туралы білімдерін арттыру арқылы, өзін-өзі басқару, педагогикалық үдерісті ұйымдастыру, басқару, командаммен жұмыс жасау, соңынан ерте білу, заманауи идеяларын жүзеге асыру сияқты кәсіби лидерлік сапаларын дамыту.

1-тaқырып. Лидерлiктiң теориялық-әдiснaмaлық негiздерi.





  1. Лидерлiк мәселесiнiң зерттелу генезисі.

  2. Лидерліктің мәні мен мазмұны

  3. Лидерлік және әлеуметтік табыстылық

  4. Ежелгі философтaрдың лидерлiк идеялaры.

Негізгі ұғымдар: генезис, иерархия, тарихилық, лидерология, даму, эволюция, интеллигенция, көшбасшы, лидер, лидерлік, т.б.


Лидерлiк мәселесiнiң зерттелуi генезисі. Лидерлік феноменінің генезисіне тарихи-педагогикалық тұрғыдан мазмұндық сипаттама жасау және лидерліктің теориялық-әдіснамалық негіздерін қарастыру феномен, генезис, иерархия, тарихилық, лидерология, лидер, лидерлік және басқа да ұғымдарға берілген анықтамаларды айқындауды қажет етеді.


Ежелгі мемлекеттен бастап, қоғамдық басқарудың формальды құрылымының лидерлері – фараондар, императорлар, патшалар, қолбасшылар, хандар, көсемдер, батырлар, президенттер, генералдар және т.б. беделді тұлғалар болған. Осындай лидерліктің жоғарғы эшелоны мемлекетті прогрессивті дамуға және өркендеуге немесе ыдырауға алып келгені тарихтан белгілі.
Лидерліктің қалыптасуы мен дамуы психологияның жеке саласы ретінде қалыптасқан «лидерология» ғылыми білім жүйесі арқылы ашып көрсетіледі.
Лидерологияға әлемдік ғалымдар Т.Карлейль (1840ж.), Ч.Ломброзо (1863ж.), Г.Спенсер (1880ж.), А.Жоли (1883ж.), Г.Тард (1886ж.), Г.Лебон (1895ж.) зерттеулері көп ықпал етті.
Лидерліктің хронологиялық және мазмұндық кезеңдерін шетелдік ғалымдар:

  1. ші кезең – XX ғасырдың басына дейін;

  2. ші кезең – XX ғасырдың алғашқы жартысы;

  3. ші кезең – XX ғасырдың ортасына дейін;

  4. ші кезең – XX ғасырдың екінші жартысы;

  5. ші кезең - XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басы деп,

ал отандық ғалымдар:

  • 1-кезең – 1900ж;

  • 2-кезең – 1920ж;

  • 3-кезең –1930ж;

  • 4-кезең –1960 жылдың ортасынан 1980 жылдың ортасына дейін;

  • 5-кезең – 1980 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі кезең деп бөліп көрсетеді.

Лидерліктің хронологиялық және мазмұндық кезеңдерін зерттеуде философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдебиеттерге талдау жасауда тарихилық қағидасының маңызы ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет