Шаруа қожалығы– заңды тұлға құқығына ие дербес шаруашылық жүргізуші субъект түріндегі ерікті кәсіпкерлік нысаны. Мұндай шаруашылықты жеке азамат, оның отбасы немесе ауылшаруашылық өнімін өндіретін, ұқсататын, сататын адамдар тобы құрады.
Өз иелігінде (соның ішінде, жалға алған) бар меншік немесе жер учаскесін өмір бойы мұраға алған мүлікті пайдалану негізінде ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу және сатуды жүзеге асыратын жеке азамат, отбасы немесе адамдар тобы түрінде ұсынылған дербес шаруашылық субъектісі.
Жеке(дара) кәсіпкерлік
Жеке кәсіпкерлік — азаматтардың өз атынан мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге асыратын дербес бастамалық қызметі. Жеке кәсіпкер, әдетте, кәсіпорынды өзінің меншікті капиталымен қаржыландырады, барлық тәуекелді өзінің мойнына алады және осы қызметке байланысты өзінің міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті пайдаланып, не пайдаланбай жүзеге асыралады, сонымен қатар заң актілерімен шектелмеген шаруашылық қызметтің барлық түрін де жүргізеді.
Жеке кәсіпкердің мынадай құқықтары бар:
мемлекеттік кәсіпорындардың және басқадай меншік түрлеріне негізделген кәсіпорындардың мүліктерін толық немесе жартылай иемдену;
шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне өз мүлкімен қатысу;
келісімшарт негізінде жұмыскерлерді жалдау және жұмыстан босату;
еңбекақы нысандарын, жүйесін, мөлшерін өздерінше белгілеу;
шаруашылық қызметтің бағдарламасын қалыптастыру;
жабдықтаушылар мен тұтынушыларды таңдау;
бағалар мен тарифтерді белгілеу;
таза пайданы пайдалану;
сыртқы экономикалық қатынастарда болу
Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтеркөрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоты мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді.