Мақалдар айту,мәнін ашу
*Ауыр сөз айтқан дос емес.
*Дос бергеннің түсіне қарама.
*Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа.
Шығармашылық жұмыс
1-қатар «Менің досым» тақырыбына эссе жазу.
2-қатар Екі дос туралы диалог құрастыру.
3-қатар Берілген мәтінге ат қою.
4.Қорытынды бөлім.
-Мәтінге атты қалай қоямыз?
-Слайдтағы мәтіндерді оқып ат қойып көр
23-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Кешірім сұрау.
Сабақтың мақсаты: Кешірім сұрау туралы,оның түрлері туралы түсіндіру.Сыпайылылыққа, жіберген қатесін мойындап,кешірім сұрай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер топтамасы,слайдтар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2.Психологиялық дайындық.
3.Негізгі бөлім.
-Балалар,адамдар бір-бірінен кешірімді қай кезде сұрайды?
-Кешірім сұрағанда қандай сөздер айтылады?
Кешіріңіз,
Ғафу етіңіз,
Мен сені(сізді) ренжітейін деген жоқ едім,
Кешірші,өтінемін,
Кешір,қошақан,
Айып етпе,балапан,т.б.
Досыңыздың, туысыңыздың, жақыныңызды ренжітіп алсаңдар,кешірімді дұрыстап сұрағаныңыз жөн болады:
Күлдіру. Жоқ жерден дау туындап, әдемі көңіл-күйдің талқаны шықса, бұл ситуациядан құтылу үшін өзіңіз ренжіткен адамды күлдіруге тырысыңдар.
Сый жасау. Кешірім сұрап тұрып, сыйлығыңды құрбыңа, әпкеңе ұсына аласың.
«Кешірші» деген сөзді айту оп-оңай болғанымен, жүректен шықпаса, әсері де аз болып, құны жойылады. Сондықтан ренжіткен адамыңның көзіне тіке қарап, сол сөзді айту.
Достарыңызбен бөлісу: |