Дүкенде қыста 5374 қуыршақ, ал көктемде одан 788 қуыршақ артық сатылды. Барлық сатылған қуыршақтардың 3746-сы спорт костюмдерін , ал қалғандары көйлек кигендер. Көйлек киген қуыршақтар нешеу?
Комбинатта желтоқсанда 7352 л, ал қаңтарда одан 796 л артық шырын дайындалды. Барлық шырынның 8658 литрі шишаларға, ал қалғаны пакеттерге құйылды. Пакеттерге неше литр шырын құйылды?