Кіріспе 1-тарау 1Жеңіл атлетиканың шығу тарихы 2Жеңіл атлетиканың түрлері 2-тарау



бет3/7
Дата07.02.2022
өлшемі25,26 Kb.
#88419
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жеңіл атлетика (копия)

1.2Жеңіл атлетика түрлері
Жеңіл атлетика негізінен бес түрлі дене жаттығулары бағыттарынан тұрады.Олар:жүгіру,жүру,секіру,лақтыру және көпсайыс
Жүгіру, спорттық жүгіру – жеңіл атлетиканың негізгі бір түрі. Оның тегіс жерде әр түрлі қашықтыққа Жүгіру (жүгіру жолымен және тас жолмен), кедергілі (барьерлі) Жүгіру (сондай-ақ стипль-чейз), кросс, марафондық Жүгіру сияқты түрлері бар. Археологиялық ескерткіштер жүгірушілер бәсекесінің ежелгі дәуірлерден бастап дамығанын көрсетеді. Біздің заманымыздан.бұрын 776 жылы 1-ші Олимпиялық ойындар бағдарламасында жүгіруден жарыс өткен. Жарыс жолының қашықтығы 192 метр 27 сантиметрге тең болып, ол “стадидром” деп аталған. Яғни, сол кездегі жарыс өткен стадионның жалпы ұзындығына сәйкестеліп алынған. 17 ғасырдың орта кезінен бастап, Англияда кәсіпқой жүгірушілер пайда болды. Олар, көбіне, алыс қашықтықтарда сынға түсті.
Жүру-жеңіл атлетиканың негізгі түрі.Адамның табиғи қозғалуының бір түрі.Адам жүру арқылы тіршілік жасаудың мүмкіндіктерін ашады.Жүру кезінде адам бойындағы барлық бұлшықеттер қозғалысқа түседі,қан айналымы,тыныс алу жүйесі қарқынды жұмыс жасайды.Жүру адам денсаулығына өте пайдалы
Секіру-жеңіл атлетиканың бір түрі. Секірудің көптеген түрлері бар. Солардың ішіндегі ең қарапайымы-бір орында ұзындыққа секіру. Секірудің бұл түрі кезінде дененің оң жақ және сол жақ жартылары тепе-тең қозғалыстар жасайды. Аяқ алдын ала бүгіледі, осы кезде бұлшық еттер жиырылып осы төменгі жақтың барлық бөліктері жазылады, соның нәтижесінде дене әуеге көтеріле лақтырылады, сөйтіп ытқу алған бұрышына сәйкес өзінің ауырлық орталығымен доға сызық (парабола) бойымен ұшады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет