Оқу материалдарын шығармашылық іс-әрекетте пайдалану Пәнаралық сабақ және онық ұйымдастыру ерекшеліктері. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыруда оқу материалдары және іскерліктер негізінде жүзеге асыру: оқыту мазмұны, әдістері, формалары, құралдары арқылы.
Біздің эксперимент топтарындағы оқыту технологиясындағы негізгі ерекшеліктеріміз оқудың бірлігін қамтамасыз етудегі кешенді тәсілдерді қолдану болып табылады. Олар: - мәтіндегі, заттағы, негізгіні бөліп алу;
- салыстыру;
- ақпаратты жүйелеу;
- ақпаратты өзгерту;
- ақпаратты толықтыру;
- мәтінді, затты және тапсырманы біріктіру;
- мәтінді, затты және тапсырманы өз бетінше құрастыру;
- қатені түзету (ақпаратты амал жасау түрлері);
- себепті-салдарды анықтау;
- дәлелдеу;
- жалған екенін сипаттау;
- заңдылықтарды (байланыстарды) анықтау;
- жаңа функцияны анықтау;
- жүйе элементтері арасындағы байланыстарды анықтау;
- жүйенің жаңа құрылымдық элементтерін анықтау (себеп-
салдарлық байланыс түрлерін); - тапсырманы орындау жоспарын құрастыру;
- бақылауды, өлшеуді және эксперименттерді жоспарлау және
жүргізу; - жүйенің дамуын болжау;
- іс-әрекетті орындау жоспарын талдау (практикалық іс-әрекеттерді
жоспарлау және орындау түрлері) Жоғарыдағы көрсеткіш кестедегі салыстыру арқылы тәжірибелі-эксперимент жүргізген сыныптағы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінің деңгейі бақылау сыныбына қарағанда жоғары екендігін байқауға болады.