Классикалық (феноменологиялық) термодинамикада энергияның әр түрінің өзара түрлену заңдары оқылады. Техникалық термодинамика жылу мен жұмыстың өзара түрлену заңдылықтарын қарастырады



бет66/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,72 Mb.
#123524
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
Классикалы (феноменологиялы ) термодинамикада энергияны р т р

Қолданылған техникалық терминдер


  1. Абсолюттік нөл – табиғатта мүмкін болатын температураның ең төмені; – 273,16 оК тең, яғни жүз градустық шкала бойынша алынған нөлден 273,16 о төмен.

  2. Автоклав – қысым жәрдемімен өтетін технологиялық процестерге арналған аппарат.

  3. Адиабата – адиабаттық процесте термодинамикалық параметрлердің өзара байланысын анықтайтын математикалық теңдеу және осы процестің графикалық бейнесі.

  4. Адиабаттық қауыз – зерттеп отырған термодинамикалық жүйе мен сыртқы ортаның арасындағы жылу алмасуын болдырмайтын кедергі.

  5. Активтілік – процестің немесе құбылыстың қарқындылығын және қабілетін сұрыптаушы ұғым.

  6. Активтеу – әрекеттесуші жүйенің бастапқы және соңғы күйлерін бөлетін потенциалдық бөгеттен өтуге жеткілікті энергияны молекулаларға беру.

  7. Аққыштық – механикалық кернеулердің әсерінен жоғары молекулалық денелерде қайтымсыз деформациялардың даму қабілеті.

  8. Аэрация – сұйықтарды ауамен қанықтыру процесі мен әдісі.

  9. Барометр – атмосфера қысымын өлшеу үшін қолданылатын аспап.

  10. Беттік керіліс – фазалардың жанасу беттерінің термодинамикалық сипаттамасы.

  11. Бюкс – заттың аз мөлшерін өлшеуге және сақтауға арналған қақпағы тығыз жабылатын ыдыс.

  12. Вакуум – 1) газдардың атмосферадағы қысымнан төмен қысымдағы қалпы; 2) барометрлік қысым мен жүйедегі қысымның айырымы.

  13. Газдандырғыш – газ генереторының бір бөлігі, отынды жағу және көміртек диоксидін көміртек (ІІ) оксидіне дейін тотықсыздандыру үшін қолданылады.

  14. Газдандыру – қатты жанғыш қазбалардың органикалық бөлігін және сұйық отындарды жоғары температурада тотықтырғыштармен әрекеттестіру арқылы жанғыш газдарға айналдыру әдістері мен процестері.

  15. Газ генереторы ауа немесе оттекті шектеп бергенде қатты отынды генератор газына айналдыратын аппарат.

  16. Гетерогенді жүйелер – екі немесе оданда көп фазалардан тұратын термодинамикалық жүйелер.

  17. Гомогенді жүйелер – бір ғана фазадан тұратын термодинамикалық жүйелер.

  18. Диффузия алғашқы біртекті емес жүйеде ретсіз жылу қозғалысынан туатын атомдардың, молекулалардың, иондардың немесе коллоидтық бөлшектердің активтігін теңестіре өздігінен жүретін процесс.

  19. Жаққыш – газ тәрізді не сұйық отынның ауамен немесе оттегімен қоспасын түзіп, оны жағуға арналған құрылғы.

  20. Жалған сұйылу – түйіршікті қабат бөлшектері сұйықтың немесе газ ағынында қабат шегінен кетпей қозғалатын гидромеханикалық процесс.

  21. Жылу – макроденелердегі микробөлшектердің хаостық қозғалысының әсерінен болатын кинетикалық энергияның ерекше түрі.

  22. Жылу алмасу – жылу түріндегі энергияны температурасы төмен денеден температурасы жоғары денеге беру.

  23. Жылулық режимі – аппарат пен қоршаған орта арасындағы жылу алмасу және температуралардың таралу режимі.

  24. Жылулық сәуле шығару – ішкі энергиясы жылу түрінде болатын дененің электромагниттік сәуле шығаруы.

  25. Идеал (мүлтіксіз) газ газдың гипотетикалық күйі, мұнда оның бөлшектері арасында ешқандай сырттан әсер ететін әрекеттесулер болмайды.

  26. Изобаралық процесс – тұрақты қысымда өтетін процестер.

  27. Калориметр – физикалық не химиялық процесте бөлініп шығатын немесе сіңірілетін жылудың мөлшерін өлшейтін аспап.

  28. Калорифер – ауаны жылытуға немесе салқындатуға арналған қатпарланған жылу алмастырғыш.

  29. Конвективті диффузия – массаны диффузия және конвекциямен қоса тасымалдау процесі.

  30. Конвективті жылу алмасу – конвекция және жылу өткізгіштікпен бірге өтетін сұйық және газ ағындарындағы жылу алмасу.

  31. Конденсат – газдың немесе будың конденсациясы нәтижесінде түзелетін сұйықтық және қатты зат.

  32. Конденсация – газ күйінен сұйық немесе қатты күйге бірінші текті фазалық ауысу.

  33. Күй диаграммасы – кеңістіктегі термодинамикалық жүйенің болуы мүмкін барлық фазалық күйлерін көрсететін диаграмма, осы жүйенің күй параметрлері оның өлшемдері болып саналады.

  34. Күй параметрі – термодинамикалық жүйенің өлшемді кез-келген макроскопиялық сипаттамалары (көлеи, қысым, температура, тығыздық, ішкі энергия, энтальпия, энтропия, Гиббс энергиясы және т.б.).

  35. Қайнау – сұйықтың өз көлемі ішінде буға айналу процесі; ол бу көпіршіктерінің бу қуыстары мен ағыстарының түзілуімен бірге жүреді.

  36. Қайтымсыз процесс – аяқталғаннан кейін жүйе алғашқы күйіне қоршаған ортаның күйін өзгертпей қайтып келуі мүмкін еместігін көрсететін термодинамикалық процестер.

  37. Масса алмасу – тепе-теңдіксіз екі немесе бірнеше компонентті жүйелерде заттардың бір фазадан екінші бір фазаға өту процесі.

  38. Масса беру – белгілі бір фазаның шегінде оның түбінен фазаның бөліну бетіне қарай немесе кері бағытта жүретін заттар тасымалдану процесі.

  39. Материалдық баланс – нақты жүйе немесе процесс үшін жазылған зат массасының сақталу заңының математикалық өрнегі.

  40. Режим – процестің жағдайлары немесе өту аймағы.

  41. Сәулелі жылу алмасу – энегия жылулық сәуле шығару түрінде берілетін жылу алмасу.

  42. Тербеліс жиілігі – сәулелердің бір секундтағы тербеліс саны.

  43. Термодинамикалық активтілік – заттың химиялық потенциалын сипаттайтын шама.

  44. Термодинамикалық жүйе – қоршаған ортадан нақтылай бөлінген немесе ойша бөлініп қаралатын және термодинамикалық зерттеу орыны болып табылатын кез-келген макроскопиялық материалдық объект.

  45. Термодинамикалық тепе-теңдік – Гиббс немесе Гельмгольц энергиясының минимал мәнімен сипатталатын термодинамикалық жүйедегі тепе-теңдіктің барлық түрлерінің жиынтығы.

  46. Термодинамиканың нөлінші бастауы – бұл заң бойынша үшінші жүйемен термиялық тепе-теңдікте болатын екі жүйе өзара тепе-теңдікте болуы тиіс.

  47. Тұтқырлық – қозғалатын ортада молекула ішіндегі әсерлесуге негізделген, сұйықтар мен газдардағы араластыруға кедергі жасайтын қасиет.

  48. Ұқсастықты модельдеу - әртүрлі физикалық табиғаты бар, бірақ бірдей математикалық теңдеулермен өрнектелетін құбылыстардың ұқсастығына негізделген модельдеу.

  49. Фаза – бөлу беттерімен шектелгенжүйенің химиялық құрамы, физикалық және термодинамикалық қасиеттері ұқсас бөліктерінің жиынтығы.

  50. Фазалық ауысу – термодинамикалық тепе-теңдікті сипаттаушы параметрлер өзгергенде заттың бір фазалық күйден екіншісіне ауысуы.

  51. Ылғал – белгілі бір дененің ішінде немесе басқа заттардың қоспаларында сұйық немесе бу күйінде болатын химиялық байланыспаған су.

  52. Ылғал өлшегіш – газдардың, сұйықтардың және қатты заттардың, сонымен қатар ұнтақталған денелердің ылғалдығын өлшейтін аспап

  53. Ішкі энергия – берілген жүйеде бір тұтас қаралған кинетикалық және потенциалды энергиядан басқа барлық энергия түрлерінің қосындысы болатын термодинамикалық күй функциясы.

  54. Энтальпия – қысым мен көлем көбейтіндісіні мен жүйенің ішкі энергиясының қосындысына тең термодинамикалық күй функциясы.

  55. Энтропия – Больцман тұрақтысы мен термодинамикалық тұрақтылықтың натурал логарифмінің көбейтіндісіне тең термодинамикалық жүйенің күй функциясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет