Клинически



бет34/48
Дата16.05.2022
өлшемі2,27 Mb.
#143499
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48
Байланысты:
неврология exam (копия)

Есеп №13
Жас жігіт шипажайда ем алып жүрген кезінде асқазан-ішек жолдарының инфекциялық (энтерит) ауруының белгілері байқалды. Үйге келгеннен 2 апта өткен соң жас жігіттің екі аяғында әлсіздік, өкшесінде шаншулар, жалпы әлсіздік пен қол-аяқта ауру сезімі пайда болды. Ол әлсіздігіне қарамастан, базарға барып, үй жұмысын істеп жүрді. Үш күн өткеннен кейін кешке қолы мен аяқтарының саусақтары ұйып қалды, саусақтары шаншып, башпайларында "құмырсқа жыбырлағандай" сезім пайда болды, аяқтарында әлсіздік сезінді. Сол күні кешке аяқтарындағы әлсіздік күшейе түсіп, мойны мен арқасында ауру сезімі пайда болды. Белгілер біртіндеп күшейе бастады, жүру оған үлкен қиындықтар туғызды. 2 күн өткен соң қол мен аяқ буындарында белсенді қимылдар мүлдем болмай қалды. Келесі күні аяқтары салданды, кешке бүкіл денесі салданып қалды. Ол өздігінен қимылдамақ тұрмақ, тіпті отыра да алмады, қолдарын көтере де алмады. Түнде демалудың қиындығына шағымданды. Ентіге бастады, дауысы сырылдап, тыныс жетіспеушілік белгілері пайда болды.
Болжам диагноз қойыңыз? 
Гийена-Барре синдромы, аутоиммунды демиелинизациялаушы ауру,
Науқасқа қандай неврологиялық тексеру жүргізер едіңіз? 
Аяқ қол бұлшықет күшін анықтау;
Рефлекстерді зерттеу – Гийен Барре синдромына арефлексия тән (көптеген рефлекстердің болмауы);
сезімталдықты зерттеу – теріде ұю және шаншу сезімдері бар зоналардың болуы; жамбас мүшелердің қызметін бағалау;
көз алмаларының қимылын тексеру - көзбен қимылдату қабілеті болмауы мүмкін; вегетативті сынамалар жүргізу (жүректі иннервациялайтын нервтердің зақымдануын бағалау үшін);
жұту қызметін бағалау.
Науқаста аурудың дамуына себепші болған механизм не?
Инфекциялық ауру (энтерит)
Науқаста қандай қимыл және сезімталдық бұзылыстары пайда болды? 
Парестезия, ауыру сезімі, тетраплегия
Науқаста нерв жүйесінің қай құрылымдары зақымдалды? 
Шеткі нейрондардың аксондары (перифериялық нервтердің демиелинизациясы, кезбе нервтің зақымдануы)
Реанимацияда қандай шаралар жүргізу қажет?
АҚ, ЭКГ, пульстік оксиметрияға тәуліктік мониторинг жүргізу және сыртқы тыныс алу функциясын зерттеу (спирометрия, пикфлоуметрия), сыртқы тыныс алу функцияларын мониторингтеу (пациентті ӨЖЖ-ға ауыстыру көрсеткіштерін уақтылы анықтау үшін өкпенің өмірлік мәнін анықтау.
Өкпе желдету аппаратына қосу, зәр шығару бұзылысында катетер орнату, жұту бұзылғанда назогастральды зонд орнату, плазмоферез.
Науқасқа ем тағайыңдаңыз.
Қазіргі уақытта кортикостероидтар қолданылмайды;
* Алғашқы 2 аптада. плазмаферез, иммуноглобулиндерді енгізу.
Тыныс алу гимнастикасы, вибрациялық массаж, пневмония белгілері кезінде а/б терапия;
* Асқазан - ішек парезі-калимин, прозерин;
* Ауырсыну синдромы-ауырсынуды басатын дәрілер
құралдар;
* * Мимикалық бұлшықеттердің парезі - мөлдір қабықты қорғау шаралары;
* ФЗТ, массаж, магнитотерапия
Зерттеу әдістерін жүргізіңіз:
ЛАСЕГ СОЗУ СИМПТОМЫН ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ
• Мақсаты: шонданай нервін созу арқылы ауру сезімін анықтау.
• Шалқасынан жатқан сырқаттың аяғын өкшесінен ұстап жоғары созған кезде белі мен аяқтың артқы бетінде орналасқан шонданай нервінің бойымен сыздаған қатты ауру сезімі пайда болады, бұлшық еттер ширығып қатаяды. Бұл Ласег созу симптомының 1-фазасы. Ал аяқты тізе буынынан бүккенде, шонданай нерві босап, қайта өз қалпына келгендіктен ауру сезімі басылады. Бұл Ласег симптомының 2-фазасы.
НЕРИ СИМПТОМЫН ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ
• Мақсаты: бел аймағындағы түбіршектік синдромды анықтау (люмбалгия)
• Дәрігер шалқасынан жатқан сырқаттың басын кеудесіне қарай игенде, жұлын түбіршіктерінің созылуы салдарынан бел-сегізкөз аймағында ауру сезімі пайда болады.
Беткей сезімталдықты зерттеу


Бұлшық ет күшін анықтау
Бұлшық ет күші бес баллдық өлшеммен бағаланады:
• 0 балл – сал болып қалу
• 1 балл – әзер пайда болатын қимылдар
• 2 балл – ептеп қимылдау
• 3 балл – қимыл көлемінің азаюы, бірақ аяқ-қолын көтереді
• 4 балл – бұлшық ет күші азайғанмен, қимылы толық
• 5 балл - бұлшық ет күші қалыпты жағдайда сақталған
Қол басы жұдырықтың күшін динамометрмен анықтайды.
• Бицепстің күшін анықтау үшін сырқат қолын бүгеді де, дәрігер оның қолын жазуға тырысады. Сырқат барлығынша қарсыласуы керек.
• Дельта тәрізді бұлшық еттің күшін анықтау үшін сырқат қолын екі жағына горизонтальды деңгейде ұстап түрады. Дәрігер сырқаттың қолдарының үстінен басып төмендетуге тырысады, сырқат қолын төменге түсірмес үшін қарсыласады.
• Қолдың әкеткіш бұлшық еттерінің күшін анықтау үшін сырқат екі қолын алдына горизонтальды деңгейде созады. Дәрігер қолдардың іш жағынан сыртқа қарай итеруге тырысады, сырқат қолдарын алшақтатпай қарсыласу керек.
• Қолдың әкелгіш бұлшық еттерінің күшін тексеру үшін сырқат екі қолын алдына горизонтальды деңгейде созады. Дәрігер қолдардың сырт жағынан ішке қарай итеруге тырысады, сырқат қолдарын жақындатпай қарсыласу керек.
Саусақтардың күшін анықтау үшін екі саусақтарын кезек кезекпен сақина тәрізді қысып тұрады, дәрігер сол сақинаны үзуге тырысады. Вендерович сынағы – барлық саусақтарды біріктіргенде, дәрігер 5-саусақты ажыратуға тырысады. Салдану кезінде 5-саусақ оңай ажырап кетеді.
• Аяқтарда да бұлшық ет күшін анықтау қолдағыдай жүргізіледі.
Бұлшық ет тонусын анықтау тыныштықтағы бұлшық еттің пальпациясынан басталады
• Атония немесе гипотония кезінде бұлшық еттер бос және болбыр болады. Буындағы енжар қимылдар босаған болады
• Гипертонус кезінде бұлшық еттер тығыз, кернелген. Ал буындағы қимылдар буындардағы қимылдар шектелген. Енжар қимылдарға қарсыласу тән.
• «Бүктелген бәкі» симптомы – орталықтан салданған мүшені дәрігер бүгіп-жазғанда, алғашында бұлшық еттердің қарсыласуы сезіледі, кейін бұл сезім жойылып қол-аяқты бүгу-жазу жеңілдейді.

Есепті бағалау: 20 балл – жауабы толық; 15 балл – жауап толық емес; 10 балл – 1 тапсырмаға ғана ғана дұрыс жауап берді.


Психиатрия, наркология және
неврология кафедрасының меңгерушісі профессор, м.ғ.д. Ешимбетова С.З.
Есеп №13
Жас жігіт шипажайда ем алып жүрген кезінде асқазан-ішек жолдарының инфекциялық (энтерит) ауруының белгілері байқалды. Үйге келгеннен 2 апта өткен соң жас жігіттің екі аяғында әлсіздік, өкшесінде шаншулар, жалпы әлсіздік пен қол-аяқта ауру сезімі пайда болды. Ол әлсіздігіне қарамастан, базарға барып, үй жұмысын істеп жүрді. Үш күн өткеннен кейін кешке қолы мен аяқтарының саусақтары ұйып қалды, саусақтары шаншып, башпайларында "құмырсқа жыбырлағандай" сезім пайда болды, аяқтарында әлсіздік сезінді. Сол күні кешке аяқтарындағы әлсіздік күшейе түсіп, мойны мен арқасында ауру сезімі пайда болды. Белгілер біртіндеп күшейе бастады, жүру оған үлкен қиындықтар туғызды. 2 күн өткен соң қол мен аяқ буындарында белсенді қимылдар мүлдем болмай қалды. Келесі күні аяқтары салданды, кешке бүкіл денесі салданып қалды. Ол өздігінен қимылдамақ тұрмақ, тіпті отыра да алмады, қолдарын көтере де алмады. Түнде демалудың қиындығына шағымданды. Ентіге бастады, дауысы сырылдап, тыныс жетіспеушілік белгілері пайда болды.
Болжам диагноз қойыңыз?
Науқасқа қандай неврологиялық тексеру жүргізер едіңіз?
Науқаста аурудың дамуына себепші болған механизм не?
Науқаста қандай қимыл және сезімталдық бұзылыстары пайда болды?
Науқаста нерв жүйесінің қай құрылымдары зақымдалды?
Реанимацияда қандай шаралар жүргізу қажет?
Науқасқа ем тағайыңдаңыз.
Зерттеу әдістерін жүргізіңіз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет