44
келісімдерді ескере отырып, демократиялық құқықтық мемлекет құру үшін
жоғарғы келісім жасаушы тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын
құрады», - деп атап көрсетілді. Сөйтіп, бұл келісім 1922 жылы Кеңес
Одағының құрылуы туралы шарттың күшін жойып, Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығын құрды.
Бұдан кейін Орта Азия және Қазақстан мемлекет басшылары
Ашхабадтағы кездесуде «Беловежск келісімін» талқылап, тең құқықтық
дәрежеде жаңа мемлекеттер достастығын құруға әзір екендіктерін білдірді.
Сөйтіп, 1991 жылы 21 желтоқсанда Апматы қаласында бұрынғы Кеңес
Одағы құрамындағы 11 тәуелсіз мемлекет арасында Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығын құру туралы келісім хаттамасына қол қойылды.
Сол күні ТМД-ның құрылуы жөніндегі «Апматы Декпарациясына» қол
қойылды. Онда ТМД-ны құрушы мемлекеттер демократиялық, құқықтық
мемлекет құруға ұмтыла отырып: «Олардың арасындағы қарым-қатынастар
әрбір елдің мемлекеттігін тану және құрметтеу, өзін-өзі билеу құқығының
бұлжымастығы, тең құқылық және ішкі істеріне қол сұқпау ұстанымы, күш
қолдану мен күшпен қоқан-лоқы жасаудан, экономикалық және қысым жасау
әдістерінен бас тарту, дауларды шешу, адам құқы мен еркіндігін, соның
ішінде аз ұлттардың да құқығын құрметтеу, халықаралық құқық нормалары
мен міндеттерді адал орындау негізінде дамиды», - деп мәлімдеді.
ТМД Жарғысы бойынша Достастыққа қатысушылар тепе-теңдік
негіздегі үйлестіруші институттар арқылы жұмыс істейді. Ондай ұйымдарға
мемлекет басшыларының және үкімет басшыларьіньің кеңесі жатады. Бұл
ұйымдарда әр мемлекет бір дауысқа ие, ал шешім ортақ келісім жолымен
қабылданады. Мемлекет басшыларының Кеңесі жылына 2 рет, үкімет
басшылары жылына 4 рет жиналады, сонымен қатар кезектен тыс та
өткізіледі. Достастық мемлекеттерінің тұрақты атқарушы және үйлестіруші
органы - Кеңесші- үйлестіруші комитет болды. Комитет үкімет
төрағаларының
орынбасарлары
деңгейінде
жасақталады.
Достастық
шеңберінде Парламентаралық ассамблея құрылып, жұмыс істейтін болады.
Бақылау сұрақтары:
1) КСРО тарауының негізгі себептері жайында баяндаңыз.
2) КСРО-ның өмір сүруінің түпкілікті тоқтатылуы және ТМД – Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығының құрылуы туралы Декларация қашан, қай жерде
талқыланды?
3) 1991 жылғы «Тамыз бүлігі» неге жүзеге аспады?
Достарыңызбен бөлісу: