(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс:
Досыңа не сыйлайсың? Суретін салу.
Балалар педагогпен бірге
«Достық ережесін»
құрастырады.
Жолдастарыңа көмектес.
Егер қолыңнан бір нәрсе келсе, оларға да үйрет.
Жолдастарыңмен ойын кезінде өзіңе ұнайтын заттарыңмен бөліс.
Егер жолдасың жаман қылық жасаса, тоқтатып, дұрыс еместігін
түсіндір.
Жанжалдасудан, сөз таластырудан аулақ бол.
Тату ойна, мақтанып кетпе.
Жолдасыңның жетістігіне қуан.
(Т) Ойын: «Менің досым»
«Сенің досың қандай?» Мен бір балаға гүл беремін, «Сенің досың
қандай?» деп сұраймын, ол гүлді алып, толық сөйлеммен өз
досының қандай екенін айтып, келесі балаға гүлді ұсынады.
Мысалы: Менің досым батыр, өйткені...
Менің досым әдемі, өйткені...
Менің досым адал, өйткені...
Музыкалық
сүйемелдеу
Әліппедәптер
Ойын
IV. ҰОҚ
қорытындысы.
Рефлексия.
28–30 мин.
Педагог қорытынды жасайды.
– Біз бүгін не туралы әңгімеледік? Сабақ сендерге ұнады ма?
Достарыңызбен бөлісу: |