Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар



бет27/41
Дата02.01.2022
өлшемі298,34 Kb.
#107998
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
Байланысты:
Коронавирусты инфекцияны таралуына байланысты шектеу шаралары

3.1 Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарған кездегі 1 курс білім алушылары үшін ТжКБ ұйымдарының жұмысын жандандыру – аралас және штаттық форматтарға біртіндеп көшу
43. Сырқаттану деңгейінің тұрақты төмендеуі кезінде аралас форматқа көшу 1 курс студенттерінің 2020-2021 оқу жылының екінші семестрінен бастап (негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім негізінде) жүзеге асырылады.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі және тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша аралас формат санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, штаттық режимде оқу пәндерінің (модульдерінің) 70% -дан аспайтын қатынасында анықталады.

44. Штаттық режимде аудиторияларда сабақтар бетперде режимін ескере отырып, кемінде 1,5 метр арақашықтық сақтай отырып, аудиторияны 15 адамнан артық толтырылмаған кезде жүргізіледі.

45. ТжКБ ұйымы оқу жұмыс жоспарларына сәйкес оқытуды қашықтықтан және штаттық режимде жүргізу үшін пәндердің (модульдердің) тізімін дербес анықтайды.

Штаттық режимде 1 курс білім алушылары үшін оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының ерекшеліктері мен мазмұнына байланысты пәндер (модульдер) және аралық, қорытынды аттестаттауға (емтиханға) шығарылған пәндер (модульдер) жүргізіледі.

46. Аудиториялық сабақтардың ұзақтығы штаттық режимде 45 минуттан аспауы тиіс. Орын-жайларды санитарлық тазарту үшін сабақ арасындағы үзілістер кем дегенде 10 минут.

47. 1-курсты оқытудың штаттық режимін ұйымдастыру кезінде келесі шараларды сақтау қажет:

1) басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, сабақ кестесін құру;

2) қажет болған жағдайда, физикалық байланыстарды азайту үшін ауысымдардың саны арттырылады;

3) аудиторлық жүйені алып тастау, әр топ белгілі бір аудиторияларда орналасады;

4) кіру кезінде медицина қызметкерінің білім алушылар мен педагогтердің температурасын күнделікті өлшеуі;

5) кабинеттерді және барлық жайларды желдету, кварцтау;

6) қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану;

7) міндетті маска режимі енгізіледі;

8) әр екінші сабақтан кейін аудиторияларды ылғалды тазалау;

9) дәліздердегі, рекреациялардағы, холлдардағы және басқа орын-жайлардағы ауысымдар арасындағы ылғалды тазалау;

10) ауырғандар анықталған жағдайда күн сайын температураны өлшеуге, ауру белгілерін анықтауға, білім алушылардың жағдайын бақылауға арналған медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі;

11) таза ауада дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету;

12) кітап беру жөніндегі жұмысты қоспағанда, кітапханалардағы оқу залдары жабылады;

13) сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салу;

14) барлық жедел кеңестерді қашықтық форматта өткізу;

15) студенттерге, педагогтарға, өндірістік оқыту шеберлеріне, басқа қызметкерлерге, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы нұсқама жүргізу;

16) ТжКБ ұйымдарында заттардың, кабинеттердің, рекреациялардың, холлдардың және басқа да орын-жайлардың бетін өңдеу үшін жеткілікті мөлшерде дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз өту;

17) ТжКБ ұйымдарында кіре берістегі аяқ киімге арналған дезинфекциялаушы кілемшелер, барлық қабаттарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату.

48. Дуальды оқыту кезінде сабақтар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, кәсіпорындардың (ұйымдардың) және/немесе ТжКБ ұйымдарының базасында штаттық режимде өткізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет