Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет114/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   316
Әдеби KZ
 
 
«Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным! 
Сексен асып таяғанда тоқсанға 
Тұра алмастай үзілді ме жұлының! 
Адасқанын жолға салдың бұл ноғайлы ұлының! 
Аққан бұлақ, жанған шырақ жалғыз күнде құрыдың, 
Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!» 
Жалғыз ұлынан айрылған қарт жырау ұзақ сарнады. Біресе өзі тоқтап, кәрі 
қобызын аңыратты. Әлден уақытта қарт жырау «Аһ» ұрып әзер тоқтады. 
Сол уақытта барып сыбызғыдан шыққан, құлаққа жағымды қоңыр күйдей 
қоңырқай дауыспен әбдіразақ Нахичевани-дәруіш құран оқи жөнелді. Аятын бұ да 
ұзақ оқыды. 
Құран оқылып біткеннен кейін, Әбілқайыр талғамды сөзбен көңіл айтты. 
Хан сөзі бітісімен, Қыпшақтың сүбе биінің бірі, топ жарған шешен Құба би: 
— Қара бетпін, ағайын, — деді. — Ат үстінде аяулы ұлыңды өлтіріп, елге қарар 
емес, жерге қарар жайым бар. Кессең бас, алсаң жан мінекей, құнын беруге 
дайынмын. Құн алынғанмен Дайырқожа би қайтып келер ме? — деді Керей 
күрсініп. 
— Ардақтымызды ақ орап қоялық, сөз сосын болсын! — деді байсалды 
дауыспен Жәнібек. 
Әбілқайыр хан бұлардың үнінен бір ауыр зіл сезді. 
Осымен хан тобы қаралы ордадан шықты. Орда-Базарға қайтып келе жатып, 
Әбілқайыр екі жағдайды есіне алды. Бірі — Қара Қыпшақ Қобыланды Ақжол биді 
өлтірсе де, оның қадірін құрта алмауы еді. Бұл жазықсыз ажал Ақжол бидің атын 
тірідегісінен де ұлғайта түскендей. Кейде тарих адам атымен осылай ойнайды. 
Тірісінде жоқ даңқты өлгеннен кейін береді. Ақжол би де осындай даңққа ие бола 
бастаған-ды. Қара Қыпшақ Қобыланды бидің басын алғанмен, оның ұрпақтарға 
кететін даңқын жоя алмаған. Әбілқайыр хан бұны анық түсінді. Екіншісі — осы 


122 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет