Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет193/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Бірақ сол күні түнде Мұхамед-әкім эль Таразидың жігіттері «сен халық қамын 
ойлап, Сейхун дарияға көпір салмақ сабазсың ғой, олай болса сол Дарияның 
қызығын алдымен өзің көр» деп қосында ұйықтап жатқан жерінен эль Мүлік ибн 
Зархум ғалымды ұстап алды да, түнімен жедел жүріп отырып, мойнына тас 
байлап, Сейхун дарияның сарғылт толқынды суына лақтырып жіберді. 
— Байлығым өз басыма жетеді. Алтын құсты басыма қоямын ба, маған алтын 
құсыңдай қымбат ұл тауып берген тоқалыңның өзін бер, — деді Бұрындық өзінің 
қиқар мінезіне салып. Ондағы ойы «бәлем, бермесіңді сұрайын, қалай-қалай 
ыршыр екенсің!» деген қияңқылығы еді. Бірақ «Баласы інісі Мұхамед-Рақымға 
тым ұқсас екен» деген сөзді ішіне түйіп алған саудагер қуана-қуана Бұрындықтың 
тілегіне көне кетті. 
— Айтқан сөзімді қайтып алмайын, қатын бүгіннен бастап сенікі, бірақ балам 
емшектен шыққанша менің үйімде тұра тұрсын, — деді. 
Бұндай шешімді күтпеген Бұрындық сасып қалды. Бірақ бұ да сөзін қайтып 
алмады. 
— Болсын, — деді. 
Со күні ымырт үйіріле ол Мұхамед-әкімнің жас тоқалын өзінің шатырына алып 
келді. Отыз қатынның бірі болып, ебін тапқанда ғана бөтен еркек көріп, гаремде 
сары қазыдай сақталып, әбден жас денесі күйіп-піскен жас тоқал, кәрі Мұхамед-
әкімнен құтылғанына өкінген жоқ. Жаңа қожасының көңілін табуға тырысты. 
Ал үшінші жүлде тиісті Мұхамед-Шайбани тіпті басқа тілек етті. 
— Алтын құсыңыз ханға лайық. Мен хан емеспін, тек хан тағындағы атама 
жәрдемші жауынгермін, — деді, — маған алтын құстың орнына бес жүз адамыма 
сауыт-сайман, қару-жарақ бер... 
Мұхамед-әкім сұлтанның бетіне ұзақ үңіле қарады. Әлден уақытта барып: 
— Сіз тілесеңіз, мың адамға да сауыт-сайман, қару-жарақ беруге бармын, — 
деп басын төмен иді... 


208 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет