Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет204/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   316
Әдеби KZ
 
 
көшіп жүре берсе, бір күні өзінен күшті Әбілқайыр секілді бір ханның қалың қол 
шығарып, қайтадан басып алатынын Жәнібек жақсы ұқты. Өзің күшті болсаң, 
өзгемен көшің қатарлассын. Ал күшті болу үшін, енді қазақ біржолата руға бөлініп 
бытырап жүруді тыйып, айбынды мемлекетке айналуы керек. Ұшы-қиыры жоқ 
далада малының әуенімен әр руы өз алдына көшіп, тарап жүрген қазақтың, Иран, 
Үндістан, тіпті қала берді тұрғын ел Мауреннахрдай тастай берік мемлекет 
болуының қиын екенін Жәнібек бұрыннан да жақсы түсінетін. Әйтсе де кәсібі бір, 
нәсілі бір, тілі бір бүкіл қазақ руының басын бір жерге қоса алмаса да, сол өзінің 
мал шаруашылығына тән көшпелі тіршілігіне ыңғайлы хандық құруға болатынына 
ол сенетін. Бұл, қазақтың тарам-тарам боп әр ханның қолында құрып кетпеуі үшін 
керек еді. Тіршілік тартысы, халықтың өзін сақтап қалу күресі — бәрі де бір ел 
болмай мүмкін емес-ті. Бұл арман халықты алысуға мәжбүр етті. Ал жеке 
мемлекет болу үшін, ел бірлігінен басқа, жауың сескенетін әскерің мен 
халқыңның мұң-мұқтажын, керегін қамтамасыз ететін, өзге жұртпен байланыс 
жасайтын кәсіпорындары, сауда-саттық жүргізетін шаһарлар керек. Бұл шаһарлар 
Дәшті Қыпшақ жерімен шекаралас Түркістан өлкесінде. Ал Түркістан Әбілқайыр 
ханның қолында. Бір кезде бұл шаһарлар қазақтың алғашқы ханының бірі 
Орысханның қарамағында болған. Орысхан Ақ Орданың туын көтергенде, 
Шыңғысхан мүлдем құртып жіберген Сығанақ, Сайрам, Яссыны қайтадан 
тұрғызған. Сығанаққа астанасын көшірген. Қазақ руларына керек шай, қант, мата, 
ыдыс-аяқ, қазан-ошақ — бәрін Үндістан, Қытай, Иран саудагерлерінен алып, 
Шығыспен сауда жүргізе бастаған. Бұның бәрі Ақ Орданың құлауымен бірге 
біткен. Ал бұл жағдайға жету үшін, құлап қалған Ақ Орданы қайта тұрғызу керек. 
Әрине Ақ Орданы қайта тұрғызу деген сөз, бүкіл Дәшті Қыпшақ жерін, Түркістан 
уәлиетін өзіне қарату деген сөз. Бұнсыз қазақ күшті ел бола алмайды, бұнсыз 
қазақ өз басын сыртқы жауынан қорғай алмайды. Осы ойдың бәрін — ел бірлігін 
күшейтіп, ру-ру боп жүрген ағайындас жұртты қазақ деген бір ел етті, сол елді, 
жан-жағындағы қанды көз жаулары бесігінде жатқанда қыршынынан қиып құртып 


220 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет