Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет268/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   316
Әдеби KZ
 
 
ол уақытта шөп шауып, қыстық қорын дайындап көрмеген. Дайындағанмен де 
соншама бықыған малды қамтамасыз ету тіпті мүмкін емес. Жаз болса бір сәрі, 
сыпай аттары да жайылымда болады. Осындай жағдаймен хан жылда, қыс бола 
бас әскерін елді-еліне тарататын. 
Биыл да сөйтті. Және осы жылы Дәшті Қыпшақ хан Ордасын Сығанаққа 
көшірді. Тек осы Сығанақты қорғауға бес мың атты әскер алып қалды да, өзге 
сыпайларын ауылдарына қайтарды. «Қару-жарақтарың, жауға мінер аттарың ер-
тұрмандарымен дайын тұрсын, керек болып қалсаңдар жаршы хабар береді» 
деді. Биыл жылдағысындай «жаз шыға бәлен жерге жиналыңдар» демеді. 
Жәнібектің ондағы ойы, бір жағынан әрқайсы өз бетіне қамалға айналған 
Түркістан уәлиетінің қалаларын бұрынғыдай жүз мыңдаған қол жинамай-ақ, 
қарамағындағы бар күшпен аламын деген үміті болса, екінші жағынан бұл 
қалалардың хакім, ақсақалдарымен тіл тауып, бейбіт келісімге келіп, соғыс ашпай-
ақ өзіме бағындырармын деген сенімі бар еді. 
Жәнібек осы ойын орындауға кірісті. Өзінің қоқан-лоқы күшін көрсете отырып, 
Түркістан уәлиетінің Сығанақ пен Созақтан бөтен қалаларына «қан төгіспей 
бағыныңдар» деп үшінші рет хат жазып, уәкілдер жіберді. Бұ жолы Жәнібек, 
сөзінің салмағы болатынына шек келтірмеген. Сөйтсе Яссы, Сайрам, Сауран, 
Отырар, Ақруқ, Үзгент секілді мықты бекініске айналған шаһарлардың оңай қолға 
түсе қоймайтынын да түсінетін. Әсіресе Яссы, Сауран қалаларын басқарып 
отырған Мұхамед-Мазит-тархан, Құлмұхамед-тархан секілді Әбілқайыр кезінде де 
биліктерін ешкімге ойыншық ете қоймаған хакімдері бар және қорғайтын әскері 
бар қалалардың тағдырын оңай шеше алмайтыны оған хақ еді. Жәнібек бұл 
мединелермен жеке алыспай тағы да өзіне серік іздеуге кірісті. Оған енді бұрынғы 
Абақ хан, Ахмет хан, Аббас, Мұса, Жаңбыршы бектерден күштірек серік керек 
болды. Мұндай адам Исан-Бұғы өлгеннен кейін, Моғолстан тағына отырған Жұныс 
хан еді. 


288 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет