Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет44/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Әбілқайыр өзін Сайын ханымын десе, тек онысы Бату ханның орнында отырмын 
деп өзге елге сес беруі. Бір кезде көне түркі елінен таралған, қазір өзбек, қазақ 
болып бөліне бастаған екі елдің, Әбілқайыр шынында Өзбек ханы болуға 
айналған. Бұл оның қазір әлсіреген кезі. Демек, Шахрук әмірдің ұлдары Қорасан, 
Иракқа көз тіксе, ал Әбілқайырдың әлі де болса, Дәшті Қыпшақ жеріне қоса, 
Моғолстанды алмақ ойы бар. 
Моғолстан! Бұл бір Әбілқайырдың әзірге тісі бата алмай келген, көлденеңі мен 
ұзындығы жеті айлық кең алқап, күншығыс жағы қалмақ жерімен шектесіп, Барыс 
көл, Алтын Емел, Ертіс өзендерімен бітеді. Солтүстігінде Көкше теңіз (осы күнгі 
Балқаш көлі) бен Қаратал өзені жатыр. Күнбатысында Ташкент пен Түркістан, 
Оңтүстігі Қашқар, Ферғана, уәлиеті мен шығыс Түркістандағы, Тұрфан қаласы. 
Билеп тұрғандар Иса Бұғы, Шир Мұхамед, Уаис секілді Жағатай ұрпағынан шыққан 
хандар. Қарамағындағы елдердің көпшілігі Үйсін, Жалайыр, Дулат, Қаңлы, Ұйғыр, 
Найман, Қоңырат. 
Әбілқайыр ханның ордасындағы Арғын билерінің де көз тіккені — осы 
Моғолстан! Жеке ел боламыз деп Орыс хан ұрпақтары Жәнібек пен Керей 
сұлтанның да көше қалса, барар жері осы Моғолстан. 
«Мұндай жағдайда, Иран ханы Смайылдың да бас көтеріп, Ақсақ Темір 
балаларының тізгінін үзіп кетпек боп тұрған кезде, ел билігін мықты ұстау қажет. 
Қыпшақтың дегенін істеймін деп өз ордамда бүлік шығарсам, өзгелердің ордасын 
қалай жаулап алам?..» 
Дәл осы кезде дәйекші екі нөкермен тұтқын жігітті алып кірді. 
— Хан ием, бұйрығыңыз мүлтіксіз орындалды. 
Әбілқайыр әлі де терезеге қарап тұрған-ды. Енді ол ақырын бұрылды. Тұтқын 
жігітке көз қырын салар-салмастан сұп-сұр болып өзгеріп кетті. Батыр Саянды ол 
бұрын көрмеген-ді. Ал мынау қарсы алдындағы жиырма бес жасар батыр... Өзінің 
Ұлықбектің қызы Рабиу-Сұлтан-Бегім сұлудан туған үлкен баласы Сүйіншіктен 
аусайшы! Жоқ, Сүйіншік бұдан аумайды. Алғашқы көзі түскенде Сүйіншік екен деп 


46 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет