Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет90/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   316
Әдеби KZ
 
 
— Ханым, үш күреңді тойға мінбей апарыңдар. Тарланкөкпен бірге бәйгеге 
салмақпын, — деген. 
Сүрме қасты, аққудай аппақ, отыз беске, келіп қалса да, әлі де шаңқай түстей 
жарқыраған сұлу Рабиу-Сұлтан-Бегім: 
— Үш күрең бәйгеден келсе бірге келеді, қалса бірге қалады, — деген, 
қарақаттай мөлдіреген үлкен бота көздерін найзадай ұзын кірпіктерінің астынан 
хан тағындағы еріне жаудырата қадай, — тізбектеліп ұшқан қоңыр қаздай 
үшеуінің қатар келгені жарасымды. Бірақ бұ жолы бәйгеге салудың реті қалай 
болар екен, ортаншысының аяғына жем түсіп, ақсап жүр. Қабылбай сынықшы 
кеше қарап кетті. 
— Олай болса, бұл жолы қоя тұрайық, — дей салған хан. 
Батыр Саян жанындағы екі күзетшімен Сығанақ жаққа, дәл сол күні қораға 
әкелінген осы үш күреңмен қашқан. «Бақытты жігіт жалғыз ғана ханның жас 
бәйбішесін құшып қоймапты, әрқайсысы бір рудың жылқысына татитын үш
сәйгүлік жүйрігін мініп кетіпті! Қандай қорлық, ханның намысын аяққа таптар 
қылық!» Сыбырлағанды құдай естімей ме, құдай құлағына жетер сөзді, жұрт 
қалай сақтанып сыбырласа да хан құлағына да жеткен. Әбілқайыр жұрт өсегін
ойына алса болғаны, шиырқап шабатын бурадай қаһарлана түседі. «Рабиу сұлу 
мен батыр Саян арасындағы баяғы жел сөз бен үш күреңнің ауылда қалуы... Үш 
күреңді үш кісінің мініп кетуі — бәрі бір түйін» дейді хан ішінен және бас уәзірі 
Бақты-Қожа арқылы үш күреңді той алдында Қабылбай дәруіштің көрмегені 
анықталған. Сірә, ханым берген сыйлыққа қызыққан болуы керек, Қабылбайдың 
өзі үш күреңді қарағам депті, ал оның бірге еріп жүрген шәкірттері сынықшының 
бұл күндерде тіпті Орда-Базарда болмағанын айтыпты. Ханда «Бақты-Қожа уәзірі 
бір жаман оймен шындықты бұрмалап жүр ме, әлде сынықшы шәкірттерінің 
арасында күншілдік боп, Қабылбай қарттың сөзін әдейі бұрған жоқ па екен» деген 
ой болмаған-ды. 


98 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет