Курсы: семестрі: Құрастырған: Тағабаева Л. М. Шымкент 2013



бет41/69
Дата22.06.2022
өлшемі261,23 Kb.
#146970
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69
Байланысты:
МІН-практика-2курс-4-сем-каз
«Тыныс алу қызметі бұз.кезіндегі, «Тыныс алу қызметі бұз.кезіндегі, 6 кл сор 2 четверть, 12 Принципы профилактики ИСОМП
Диета 11.
Белгілеудің қолданылатын кезі; егер басқа ішкі мүшелерінің аурулары болмаса, өкпе туберкулезінің асқынған, басылған немесе созылмалы кезеңінде.
Белгілеудің мақсаты; организімнің туберкулез инфекциясына қарсылығын арттыруға көмектесу. Сырқаттың жалпы тамақтануын жақсарту және витаминдер қорын жинауға көмектесу.
Жалпы сипаттамасы; витамині мен белогы көп май мен көмір сутегі шағындап көбейтілген калориялы диета. Кальциі мол сүт тағамдары жеткілікті мөлшерде. Ас тұзы мен сұйықтық нормасы шектеулі. Татымдықтар рұқсат етіледі. Аспаздық өңдеуі әдеттегідей, онда азот экстрактивті заттары сақталған.
Калориясы мен қүрамы; 120-140 г белок, 100-200 г май, 500-550 г сутегу, 3800-4000 калорий. Витаминдер мол мөлшерде.
Тамақтану режимі; күніне 4-5 мәрте тамақтанады.
Диета 13.
Белгілеудің қолданылатын кезі; инфекциялық аурулар жедел, қызбалы кезеңдерде, баспалар, құрт тәрізді соқыр ішек өскінін алып тасталғаннан кейінгі 2-3 күндегі асқазанның бір бөлігін кесіп тастаған соң көрсетулер бойынша 8-9 күннен кейін.
Белгілеудің мақсаты; сырқаттың температурасы көтерілген қызба кезеңінде жөне операциядан кейін күш- қуатын жинауга көмектесу, қарын-ішек жолын сақтау.
Жалпы сипаттамасы; белоктың төменгі физиологиялық нормада болуы, май, көмір сутегі мен калориясын шамалап шектеу. Қызуы қатты сырқаттарға витамин қосқан сусын, көп мөлшерде сұйық беру. Аспаздық өндеуі; тағамды үгіп, немесе тартып береді, химиялық тітіркендіргіштері шағын болуы тиіс.
Калориясы мен құрамы; 70-80 г белок, 70 г май, 300 г көмір сутегі, 2200к калорий . Көп мөлшерде С және басқа витаминдер.
14 диета
Белгілеудің қолданылатын кезі; несепті сілтілі реакция бар және фосфорлы калий тұзының шөгіндісі түзетін фосфатурия.
Жалпы сипаттамасы; диетаға несеп реакцияны қышкыл етіп өзгертуге көмектесетін тағамдар енгізу. Кальцийге бай сут, ірімшік, сыр және сілтілендіретін әсері бар тағамдар қолданылмайды. Сұйықтық жалпы мөлшері 5-2 л. Аспаздық өңдеуі әдеттегідей.
Калориясы мен құрамы; 80-100 г белок, 100 г май, 400 г көмір сутегі, 2800 калорий.
Тамақтану режимі; күніне 4 - 5 мәрте тамақтанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет