Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8



бет11/155
Дата05.02.2022
өлшемі1,87 Mb.
#4431
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   155
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, деңгейлік тапсырмалар
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

  1. Түркілердің тауғаштарға елу жыл ісін-күшін беру себебі не?

  2. Түрік қағанаты қалай құрылған еді?

  3. Орхон жырларының қазақ эпостарымен ұқсастығы неде?

  4. Айтар ойы қандай?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Қорқыт ата ҮІІІ – ІХ ғасырларда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген. Ол кісінің мазары қармақшы стансасынан 18 шақырымдай жерде тұр.
Қорқыт – түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы. Қобыз аспабын алғаш жасап, тартқан адам дейді. Жиырма жасқа жеткенде, түс көріп, түсіндегі ақ киімді кісі: «Қырықтан артық өмір сүрмейсін», - деген соң, нағышылары сыйлаған желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздейді. Қайда барса да алдынан жер қазып жатқан адамдар шығады. «Бұл не?» - деп сұраса, олар: «Бұл Қорқыттың көрі», - деп жауап береді. Жан сақтауға жер қалмаған соң, Сыр суының үстіне кілемін төсеп, аңыратып қобыз тартады. Оның жанын алуға келген ажал күйдің әсерінен неге келгенін ұмытып, тұрып қалады. Қорқыт қалғып кеткен кезде ғана қайрақ жылан болып келіп шығады.
Қорқыт бабаның «Ұшардың ұлуы», «Аққу», «Кілем жайған», «Желмая», «Әупбай», «Башпай», т.б. он шақты күйін қобызшылар сақтап қалған. Қорқытты ажалдан құтқарған қобызы болғандықтан, кейінгі бақсылар ауруды қобызбен емдейтін болған.
Қорқыт айтқан жырлар ХҮ ғасырда қара сөзбен хатқа түскен. Кітапта он екі жыр бар: «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр», «Байбөрі баласы Алып Бамсы», «Тоқа баласы Ержүрек Темірұл», «Төбекөз дәуді өлтірген Бисат батыр», «Хан Төрәлі», «Қазан Саларбектің ауылын жау шапқаны», т.б.
Кітаппен жұмыс: Қорқыт ата туралы аңыздарды мәнерлеп оқиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет