Организмге берілуіне байланысты, діріл: жергілікті-қол машиналарымен жұмыс кезінде, машинаның басқару тетіктері арқылы қолға берілетін және жалпылама-адамның отырған немесе тұрған жері арқылы берілетіндері болып бөлінеді.
Жалпылама дәріл үш дәрежеге бөлінеді.
І дәреже-транспорттық діріл, ІІ дәреже-технологиялық-транспорттық, ІІІ дәреже-технологиялық діріл.
Дірілдің адам организміне әсері.
Аз қарқындағы жергілікті дірілдің организмге пайдасы да бар (медицинада). Ал діріл қарқыны өскен сайын зияны артып патологиялық өзгерістерге-діріл ауруларына әкеп соғады. Төменгі жиіліктегі (35 Гц дейін) діріл нерв-булшық ет, қозғалыс аппараттарының патологиясына әкеледі. (Қолдың, нерв тамырларының бұзылуы, терінің сезгіштігінің төмендеуін, сүйектер мен буындардың микрожарақаттары, сүйектерде пайда болатын бұлтықтар т.с.с.).
Төменгі жиіліктегі жалпы діріл іш құрылыс органдарының қозғалуына, олардың булшық еттерінің өзгеруіне, омыртқаның жүктемесіне, нерв жүйесі жұмысына әсер етеді.
Ішкі органдарға дірілдің әсері, ағза мүшелерінің жиілігінің өзгеруіне әсер етеді (адамның денесінің жалпы жиілігі 6 Гц, ішкі органдар жиілігі 8 Гц, бастың жиілігі-25 Гц, орталық нерв жүйесі 250 Гц).
Достарыңызбен бөлісу: |