...
&&&
$$$002-015-002$3.2.15.2 Сұрақ атауы 2 Жайтартқыштардың түрлері және оларды есептеу жолдары.
Найзағай дегеніміз ауада /бұлтта/ шоғырланған электр зарядтарының разряды. Ал бұлттардың электрленуі ауа қозғалысынан болады.
Тура түскен найзағай жолында секундтың жүздеген бөлігі арасында 200, 500 килоампер ток өтеді, қыздыру температурасы 30000 С жетеді. Найзағай тоғы түскен жеріне электромагнитті және механикалық әсер етеді. Сондықтан ауаның лектрлік разряды адам, мал өміріне үлкен қауіп төндіріп, мекенді, ғимаратты, имараттарды бұзып, өрт шығарады.
Тура түскен найзағайдан қорғайтын жайтартқыштардың әртүрлері болады.
Жайтартқыштардың міндеті найзағайдың зарядын өзіне қабылдап, оны қорғайтын объектіден бұрып, жерге жіберу.
Жайтартқыш- жайқабылдағыштан, токбұрыштан, жерге тұйықтаушы бөлімдерден тұрады.
Жайтартқыштар бір стерженьді, екі стерженьді, бір тросты, екі тросты болып бөлінеді. Әр жайтартқыштың айналасындағы кеңістік оның қорғау аумағы деп аталады.
Жайтартқыштар жеке негізге орналасып, қорғайтын объектілердің айналасына немесе мекен-жайдың төбесіне қойылады. Қора-жайды қорғауға әдетте стерженьді жайтартқыштар қолданылады.
Бір стерженьді жайтартқыштың қорғайтын аумағы кеңістікте /екі түзуден жалғанған/ қисық сызықтың центрде айналуымен пайда болған қос конус тәріздес қабатпен шектеледі. Жайтартқыштың биіктігі h осы қорғау конусын биіктігіне тең, ал конустың табанының радиусы r=1,5 h. Белгілі бір биіктіктегі hx (мысалы, жайдан қорғауға қажет мекен жайдың биіктігі деңгейінде) қорғау конусын горизонтальді кескіні, радиусы r-ке тең дөңкелек болып табылады.
Конус қабатын жасайтын қисық жақтау сызықтың графигін жасау конустың төбесін, жердегі конустың діңгегінен екі жаққа r/2=0,75 h қашықтықта тұрған нүктелермен қосамыз. Екінші конус төбесі жерден 0,8 h биіктікте, радиусы r=1,5 h тең болып сызылады.
Биіктігі 60 метрге дейінгі жайтартқыштықтың қорғайтын аймағы төмендегідей қатынаспен табылады.
rx=1,5 k3(h-1,25hx), 0 болғанда;
rx=0,75k3*(h-hx) болғанда;
Стерженьді жайтартқыш үшін k3 коэффициентінің мәні 1,2 тең.
I-сурет.Бiр стержендi жайтартқыштың қорғау аймағы.
Екі стерженьді биіктігі 60 метрге дейінгі жайтартқыштың қорғау аймағының жоғарғы деңгейі, ара қашықтығы а-ға тең жеке-жеке жайтартқыштардың төбесімен өтетін шеңбердің доғасы болып келеді. Шеңбердің центрі а арақашықтықтың ортасынан тұрғызылған перпендикулярдың бойында H=4h биіктікте жатады. Шетіндегі қорғау аймағыбір стерженьді жайтартқыштың формуласымен анықталады.
Екі стерженьді жайтартқыштың қорғау аймағының ортасының биіктігі h0 төмендегі формуламен табылады.
h0=4h-√9 h2+0,25 a2
Қорғау аймағының биіктігі h0 және арақашықтық а белгілі кездерде жайтартқыштардың биіктігін мына формуламен анықтаймыз.
2-сурет. Екі серженьді биіктігі 60 метрге дейінгі жайтартқыштың қорғау аймағы.
Достарыңызбен бөлісу: |