Јлдихан Ќалдыбаев


Прокурор. Қасқабай Төреқұлович, біз де төбе көрсетейік. Генерал



бет316/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   371
    Бұл бет үшін навигация:
  • Әкім.
Прокурор. Қасқабай Төреқұлович, біз де төбе көрсетейік.
Генерал (прокурордың сөзін іле қостап). Біз міндетті түрде көрінуіміз керек Ерік Көбеновичке. Өйтпесек, болмайды.
Әкім. Не, сонда сендер маған сенбегендерің бе?
Прокурор (жақтырмай, шошып). О-о-ой, қойыңыз, Қасқабай Төреқұлович! Сізге сенбей, не болыпты бізге?
Генерал. Соны айтам. Сізге сенбейтін біз кімбіз? Қызық болды-ау!
Әкім (шорт кетіп). Сендер – сыбайлас жемқорсыңдар, парақорсыңдар.
Прокурор. Қасқабай Төреқұлович, біз, құқық қорғаушылар, парақор болсақ, болармыз, сыбайлас жемқор бола алмаймыз.
Әкім. Мұныңды қалай түсіндік? Бұл екеуі бір емес пе?
Генерал. Кешіріңіз, бір емес.
Прокурор. Сыбайлас жемқорлар – шенеуніктер. Парақорлар – құқық қорғаушылар. Бұл екеуі екі басқа, айтарлықтай айырмашылықтары бар. Бірігіп алып, қоғам мүлкіне қол салу, немесе біреуді алдап, тақырға отырғызу – сыбайлас жемқорлардың тірлігі. Екінші біреуге жасаған жақсылығы, көрсеткен қамқорлығы, қызметке алғаны, өсіргені, оқуға түсіргені, жақсы баға қойғаны, қойшы, әйтеуір бақайы қимылдағаны үшін заңсыз төлем алып дәнігу – парақорлардың өмір салты. Бұл жағынан парақор мен жемқор бір-біріне ептеп жуықтайды, ал сыбайласу – ауыз жаласу, бірігіп жеп, араны ашылып, құнығу. Оған альтернатива жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет