Лекция №1 Оқыту процесінің жүйесі, құрлымы мен функциялары



Дата11.05.2020
өлшемі16,82 Kb.
#67140
түріЛекция
Байланысты:
1 лекция


I-тарау Оқыту мен білім берудің мазмұны
Лекция №1 Оқыту процесінің жүйесі, құрлымы мен функциялары

Оқыту әдістері ұғымының мазмұнын анықтауда құрал, жол, тәсіл сөздерін пайдаланудың синонимдік жағынан педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі көзқарастар байқалады. Бұл сөздер бір-біріне жақын, бірақ әрқайсысының өзіне тән не мағыналық, не қолдану ерекшелігі бар сөздер.

Құрал дидактикада дербес терминологиялық мәні бар сөз. Мысал, дидактикада қолданатын құралдар оқыту жабдықтары, оқыту ақпаратының көздері (оқытудың техникалық құралдары, оқулықтар, оқу құралдары, көрнекі құралдар т.б.).

Әдіс (методос деген грек сөзінен туады – зерттеу немесе таным жолы), тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі. Мысалы, швейцар энциклопедиясында әдіс ұғымын тәсіл деп түсінеді.

Демек, оқу әдістері бұл тәрбиеші мен балалардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері.

Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені , оқытуда ең бастысы балалардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер балалардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практика мен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықтытануға әрекет жасайды; идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады. Осы ережелердің бәрі балалар көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады.

Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету тәрбиешінің шеберлігіне , оның оқылу процесін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, тәрбиеші мен балалардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.

«Оқыту әдісі» және «әдістемелік тәсіл» ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі (компоненті, құрамды бөлімдер). Мысалы, жеке сөздерді түсіндіру, суреттерді деманстрациялау т.б.

«Әдіс» пен «тәсілдің» шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы, сондықтан олардың шекарасын анықтау өте қиын. Өйткені, әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады. Мысалы:


  1. Егер тәрбиеші баяндау процесінде суреттерді демонстрациялап көрсетсе, онда демонстрация әдістемелік тәсілге жатады.

  2. Балалар зерттеу негізінде суреттермен танысып, тақырып бойынша нақты білім алса, онда суреттерді демонстрациялау әдіске , ал баяндау тәсілге жатады.

Оқыту әдістері мен тәсілдері жайындағы зерттеу мәліметтері тәрбиешілер арасында әлі де бірыңғай түсініктердің жоқтығын көрсетеді. Әдіс және тәсіл туралы сіздің түсінігіңіз қалай деген сұраққа жауап берген тәрбиешілердің 40 проценті әдіс, әдістемелік тәсілмен теңдес, бұл екі ұғым бірдей деп түсіндіреді. Бұған қарағанда, әдістер мен тәсілдер туралы кейбір тәрбиешілердің педагогикалық ғылымның соңғы жетістіктерімен таныс емес байқалады. Сондықтан балалардың білімін көтеру жүйесінде бұл проблемаларға ерекше көңіл аударылу қажет.

Оқыту жеке адамның білімін, танымдық және шығармашылық қабілетін дамытудың маңызды құралы. Оқытудың бірнеше түрлері бар: түсіндірмелі – иллюстративті оқыту, проблемалы оқыту, бағдармалап оқыту т.б.

Түсіндірмелі – иллюстративті оқытудың мақсаты – тәрбеші балаларды белгілі білім жүйесімен қаруландырады, іскерлікке үйретеді. Ол үшін жаңа біліммен таныстырады, жаңа ұғымдар, теориялар және заңдар туралы түсінік береді. Балалар дайын білімді меңгереді. Жаңа материялдарды қайталап бекітеді, түрлі жаттығуларды, тапсырмаларды орындау барысында алған білімін қолданады. Бұл жерде ешқандай проблемалық ситуация тумайды.

Проблемалы оқытудың мақсаты – тәрбиеші мен балаларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймайды, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамытады. Балаларға тақырып бойынша проблемалық сұрақтар қойылады. Балалар проблемалық сұрақтарды шешудің дұрыс варианттарын қарастырады, ойланады, жаңа білімді игеру туралы қорытынды жасайды, оны практикада қолданады.

Проблемалы оқыту – бұл ғылым негіздерін оқып-білу процесінде жеке адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің қалыптасуы.

Бағдарлама бойынша оқу материалдарының көпшілігін тәрбиеші проблемалық ситуация жағдайында түсіндіруі тиіс.

Продуктивті іс-әрекетінің айырмашылығы бала белгілі білімді өз бетімен жаңа ситуацияда қолданады немесе белгілі ситуацияда жаңа білімді, әрекет жасаудың жаңа ережесін табады. Бірақ балалардың дайын алгоритімді, үлгіні пайдалануы да мүмкін.

Проблеманы оқыту процесінде тәрбиешілер мен балалар сұрақтар қояды, түрлі тапсырмалар береді. Бұлардың бәрі проблемалық ситуацияны туғызады. Осының нәтижесінде әрбір бала сұраққа жауап беруге немесе проблеманы шешуге тырысады.

Сонымен балалардың әр түрлі шығармашылық оқыту іс-әрекетінде мұғалім проблемалық ситуация туғызады, жаңа білімді игеруде балалардың ойлау, іздену іс-әрекетіне, олардың оқыту проблемасын өз бетімен немесе ұжымдасып шешуіне басшылық етеді. Міне, проблемалы оқытудың мәні осында.

Білім беру саласында оқыту процесінің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық - өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылыми-практикалық деңгейіне байланысты.

Оқыту процесін ұйымдастыру барысында бала және балалар ұжымы біржағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъектісі болады. Осыған орай, оқыту процесінде тәрбиешілер мен балалар ынтымақтастығы, олардың шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Оқытудың субъектілері мен объектілері арасында әр түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, тәрбиешілер мен балалар арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс-әрекеті т.б. Мұндай байланыстар оқыту процесінің табысты болуына игі әсер етеді.

Оқыту процесіне өзіне тән компанеттері бар. Олар оқытудың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процес сонда ғана татымды нәтиже береді.

Оқыту процесінің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптар мен оларды орындауда балалардың мүмкіндігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер қойылатын талап балалардың мүмкіншілігіне, яғни, даму дәрежесіне сай келсе , онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.

Оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктері бар.



Оқыту процесі тәрбие процемінде қарағанда анағұрлым оңай басқарылатын, тез іске асырылатын , нәтижесі тез тексерілетін процесс. Мысалы, әрбір сабақ үстінде бақылау, жаттығу жұмыстары және сұрақ-жауап арқылы балалардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет