Лекция «12 жылдық білім беру жүйесі» Жоспар: 12 жылдық білім беру жүйесіне өту қажеттілігі 12 жылдық білім беру жүйесіне өту мәселелері



бет1/43
Дата13.12.2021
өлшемі0,9 Mb.
#125051
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
12 жыл ҚН негіздері лекция


1 Лекция

«12 жылдық білім беру жүйесі»

Жоспар:

1)12 жылдық білім беру жүйесіне өту қажеттілігі

2)12 жылдық білім беру жүйесіне өту мәселелері
1)Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мәселенің бірі әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр.

Білім берудің бұл моделі әлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. Бұл - соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам өмірінің әртүрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай. Сондықтан жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тәрбиелеу үшін оларға жаңа мазмұнның, жоғары деңгейде білім беру қажет.

Осындай өзекті мәселені шешу үшін дүниежүзілік қауымдастық 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде. Ендеше біз де, әлемдік тұтастық-тың бірі ретінде, бұл мәселеден шет қала алмаймыз. Керісінше, біз Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне үйлестіруге мейлінше ұмтылуымыз қажет.

«Білім беру ағысқа қарсы қозғалысқа ұқсас. Егер тоқтаса, шарасыз-дан артқа кетеді» деген екен бұрынғы философтар. 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша сапалы да игілікті іс атқаруына ыкпал ете отырып, педагогикалық қызметті ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеуде бірлесіп енбек етуге ниет білдірудеміз.

Н.Ә. Назарбаев: «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қарқынды жолға қоюымыз керек», — деген болатын.

Жалпы білім беретін мектепті реформалаудың негізінде Қазақстан Республикасын өзінің аумағында білім беру жүйесі басым рөл атқаратып, тұрақтылықтың кепілі және әлеуметтік-экономикалық дамудың қайнар көзі болып табылатын, дамыған демократиялық мемлекет ретінде таныту мақсаты жатыр.

Реформалаудың басты міндеті - мемлекеттік білім беру жүйесін үздік әлемдік үлгіге сәйкес деңгейге шығару.

Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін оның жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескере отырып қанағаттандыру, адам білім үшін емес, білім адам үшін деген оқу-тәрбие процесін ізгілендіру, ізгілік принциптерінің қайта түлеуі арқылы жүзеге асырылуға тиісті. Сонда ғана білімнің беделін арттыруға, білім беру саласының мемлекет пен қоғам өміріндегі басым мәртебесін нақты орнықтыруға болады.

Ал енді 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі туралы не айтуға болады? Егер де біз еліміздегі білім берудің жоғары деңгейін сақтап қалғымыз келсе, бұл бізге, сөз жоқ, ауадай қажет.

Бұл бағытта қазірдің өзінде тиісті дайындық жұмыстарына кірісу керек, онсыз сапалы 12 жылдық білім беру жүйесін құру мүмкін емес. Ол - ең алдымен, мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін көтеру, оның еңбек ақысын педагогикалық жұмыстың қоғамдық салмағымен сәйкес келтіру, мектептердің материалдық-техникалык базасын нығайту, мектеп кабинеттерін, спорт залдарын қайта жабдықтау, соңғы үлгідегі компьютерлермен жарақтандыру, оқулықтар мен әдістемелік құралдарды шығаруды жолға қою, мектеп кітапханаларын ақпараттық орталықтар етіп қайта құру, мектепке дейінгі тәрбиенің әртүрлі нысандарын көбейту. Сонымен бірге, болашақ педагогтың кәсіби даярлығына қазіргі білім беру ісінің басымдықтары мен міндеттеріне сәйкес келетін елеулі өзгерістер енгізу қажет.

Шындыққа келгенде, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру ісінің еліміздің барлық халқының қатысы бар. Бұл алдағы өзгерістерге айрықша жауаптылықпен қарауды талап етеді. Жаңа жүйеге көшудің дәйектілігі, базалық жоспарлардың, оқу бағдарламалары мен оқулықтар-дың түрлі нұсқаларын жасаудың конкурстық негіздері, тәжірибе жүргізу, оның нәтижелерін кеңінен талқылау - міне, осының бәрі 12 жылдық орта білім беруді ойдағыдай енгізудің міндетті шарттары, кепілі болып табылады:

2) Қазіргі кезеңде 12 жылдық орта білімге көшудің керегі не деген сұрақтар көп туындайды. Осыған байланысты өз пікірімді білдірмекпін.

Бүгінде жеке тұлға сапасына қойылып отырған ең басты талап - оның кез келген ортадағы қажеттілікке өзін бағыттай білу. Әрине, бұл оңай талап емес.

Кенестік білім жүйесі оқушыларды теориялық тиянақты да, көлемді, жоғары деңгейдегі біліммен қаруландыра білгенмен, көп білімді іс жүзінде қолдануға жаттықтыратын практикалық істерді орындату жағы төмен болды. Осындай келелі кемшіліктерді болдырмау, алты жастан бастап балаларды мектеп қабырғасында окыта отырып, оларға теория мен практиканы қатар меңгерту 12 жылдық орта білім берудің мақсатына айналмақ.

Психологтардың айтуы бойынша, баланың интелектігінің дамуы өзінің ана тілінде оқып білім алу негізінде жүзеге асады.

Адам қай кезде де өз ойын сөз арқылы жеткізетіні мәлім. Белгілі ойды сөз арқылы сипаттау үшін тек оқулықтан оқығанды, ақпараттар арқылы алған ұғымдарын қайталап қана қоймай, оны өмір тәжірибесімен сабақтастыру, сол арқылы ой мүмкіндігін, тіл байлығын көрсету орын алуға тиіс. Сонымен қатар өз ойы мен пікірін кез келген жаңа жағдаяттарды қолдана білуі міндетті. Міне, сонда ғана біз жеке тұлғаны дамыған, ой-өрісі кеңейген, ой түйіндей алатын адам деп айта аламыз. Мұндай педагогикалық, психологиялық талаптарды орындау он екі жылдық білім берудің түбегейлі мақсатына айналуда.

Біріншіден, білім мазмұнымен көлемін дүниежүзілік әлемдік деңгейге көтерудің керектігі айқындалып отыр.

Екіншіден, кәсіптік бағдар беру деңгейін көтеру. Олардың әрқайсы-сының өз мүмкіндігі мен ыңғайына қарай мамандыққа бет бұруына жағдай жасау. Бұл арқылы жасөспірімдердің өзіндік «менін» түсінуіне мектеп қабырғасынан бастап-ақ мамандыққа өз қабілеті мен бағыттылы-ғына қарай таңдап, қиялы мен мүмкіндігін жүзеге асыруына бағыттау.

Үшіншіден, алты жастағы баланы мектепте оқу мүмкіндігінін физиологиялық, психологиялық жағынан дайын екендігін ескеру.

Дегенмен, олардың жас ерекшеліктерінің кейбір физиологиялық, психологиялық жақтарын (зейіннің тұрақсыздығы, саусақ шеміршек-терінің әлі қатып жетілмегендігі т.б.) ескеріп, білім беру барысында сөйлеуге, тілін дамытуға, ойлау мүмкіндіктерін кеңейтуге баса көңіл бөлінеді. Ойын әрекеттеріне негіздей отырып, біртіндеп оқу әрекетіне көшу, сонымен қатар оқушылардың бойына қарым-қатынас этикасын сініру мәселелері шешіледі.

Сайып келгенде, баланы алты жастан мектеп қабырғасында оқуға тартып, он екі жылдық орта білімге көшудің бірнеше тиімділігі бар екенін байқатады.

Республикалық ғылыми орталық өз жұмысын бастауыш сыныпта оқыту мен тәрбиеленудің мазмұнын, көлемін, білім беру формалары мен әдістерін зерттеуден, яғни осыларға бақылау жүргізіп, эксперименттен өткізуден бастап отыр. Бұл - өте орынды мәселе.

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенінің білім беру жүйесіне өндіруге байланысты алдын ала эксперимент жасап, авторлар мен мұғалімдердің қоян-қолтық жұмыс жүргізуі - бұрын-соңды болмаған жағдай.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет